Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАРТ МАЙДАНГЕРГЕ ҚҰРМЕТ

ҚАРТ МАЙДАНГЕРГЕ ҚҰРМЕТ

Биыл Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 73 жыл толып отыр. Жер бетіндегі барша адамзат баласына қайғы-қасірет әкелген екінші дүниежүзілік соғысқа Қызылорда облысынан 150 мыңға жуық азамат алынды.
Сұм соғысқа Қармақшы ауданынан барлығы 5 мыңға жуық ер-азамат аттанған. Өкініштісі, олардың тең жартысынан астамы майдан даласында мәңгілікке мекен тапты. Хабарсыз кеткендері қаншама? Қалғандары елге оралып, бейбіт өмірге араласты. Бүгінде ұрпақтарымен бірге бақытты ғұмыр кешіп жатқан қарт майдангерле де ортамызда бар.
Айта кетейік, Тәйімбет Көмекбаев Кеңестер Одағының батыры атағын алған жалғыз қармақшылық майдангер. Ол елге аман-есен оралып, халық шаруашылығын қалпына келтіруге үлес қосып, «Ғасыр адамы» атанды.
«Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалының «Аэропорт» бастауыш партия ұйымының мүшелері «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында Ұлы Отан соғысының ардагері, 93 жастағы қарт майдангер Қуанышбай Бисенбаевтың отбасында болып, оған көмек көрсетті.

25 сәуір 2018 ж. 881 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области