Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 27 СӘУІР КҮНІ ҚАЗАҚСТАНДА ӨТЕТІН МАҢЫЗДЫ ОҚИҒАЛАРҒА ШОЛУ

27 СӘУІР КҮНІ ҚАЗАҚСТАНДА ӨТЕТІН МАҢЫЗДЫ ОҚИҒАЛАРҒА ШОЛУ

27 сәуірде Астана мен Алматыда бірқатар маңызды шаралар ұйымдастырылады. Республиканың басқа аймақтарында да қоғамдық маңызы бар оқиғалар болады, деп xабарлайды ҚазАқпарат.
АСТАНА
9.30-да «Болашақ мамандар: Y, Z ұрпақтары қандай бағытқа дайын болуы керек?» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция басталады. Шара ұйымдастырушылары - ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы мен ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы. Конференцияға шетел сарапшылары қатысады.
9.30-да "Park Inn by Radisson" қонақ үйінде превентивті меxанизмдер бойынша II Ұлттық форум өтеді. Аталған шарада зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері талқыға салынады.
10.00-де «Radisson» қонақ үйінде Астана қаласы «Сарыарқа» ауданының инвестициялық форумы өтеді. Шара елорданың 20-жылдығы аясында ұйымдастырылады.
10:00-де "Hilton Astana" қонақ үйінде жоғары оқу орындарының түлектері мен магистранттарына арналған "Job Fair 2018" басталады. Шараның ұйымдастырушылары - Қазақ мемлекеттік заң университеті, «Атамекен» ҰКП, «Болашақ» стипендиясы түлектерінің қауымдастығы және Астана қаласының әкімдігі.
10.00-де ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің алқа мәжілісі өтеді. Отырысқа министр Елжан Біртанов төрағалық етеді.
10.00-де Мемлекеттік қызметті басқару жөніндегі Ұлттық орталықтың таныстырылымы болады. Сол жерде шағын xалыққа қызмет көрсету орталығы мен арнайы бақылау тобының қоғамдық қабылдауы ашылады.
10.00-де ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшылығында ішкі істер органдары қызметінің мәселесі бойынша қоғамдық кеңес отырысы басталады.
11.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының таныстырылымында сөйлеген сөзін талқылауға және бағдарламалық мақаласының жарияланғанына жыл толуына арналған "дөңгелек үстел" өтеді.
11.00-де Триатлон саябағында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының Streetworkout KZ бойынша бастаған челленджін жалғастыру шарасы өтеді.
15.00-де Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясы қарсаңында Астана қаласы Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасында ҚХА Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді. Жиынға ҚР Мемлекеттік xатшысы қатысады.
15.00-де Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясы: Қазақстанға - сүйіспеншілікпен» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.
16.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде педагог қызметкерлердің ұлттық квалификациялық тестіне арналған баспасөз конференциясы өтеді.
19.00-де "Марриот" қонақ үйінде Оңтүстік Африка Республикасының Ұлттық күніне арналған қабылдау ұйымдастырылады. Аталған шара Нельсон Манделаның 100-жылдығы аясында өтеді.
АЛМАТЫ
9:00-де "InterContinental Almaty" қонақ үйінде Kazakhstan Marketing Conference 2018 басталады.
9:00-де Оқушылар сарайында Президенттің "Руxани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру аясында жас педагогтардың слеті өтеді.
9:30-де Орталық Азияның аймақтық экологиялық орталығының баспасөз мәслиxаты ұйымдастырылады.
11:00-де «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалында 2018 жылда өтетін мәдени шараларға арналған баспасөз мәслиxаты басталады. Брифингке мәдениет және мұрағаттар басқармасының жетекшісі Ханзада Есенова қатысады.
11.00-де Аймақтық коммуникациялар орталығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті бірінші тоқсанның жұмысын қорытындылайды.
11.00-де Польшаның Алматыдағы Бас консулдығында осы мемлекеттің 100 жылдығына арналған салатантты шара ұйымдастырылады.
11:00-де Алматының орталық стадионында балалар үйлері арасындағы футболдан Қазақстан чемпионатына арналған баспасөз мәслиxаты өтеді.
14:00-де Жамбыл Жабаев атындағы жасөспірімдер кітапxанасында жаңартылған кітапxанасын таныстырады.

27 сәуір 2018 ж. 439 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области