Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » МЕН ӨМІРДІ СҮЙЕМІН!

МЕН ӨМІРДІ СҮЙЕМІН!

Бірінші байлық денсаулық дейді дана халқымыз. Денсаулық... Бұл біреуге – арман, асыл қазына, ал біреуге – жәй ойыншық қана.
  Біз мұны күнделікті өмірден көріп те, естіп те жүрміз. Қолындағы алтынның қадірін білмей, арақты – асына, темекіні – досына, есірткіні – ермегіне айналдырып жүрген адамдар қаншама?! Ішкілікке салынып, улы түтіннен рахат тауып жүргендер өз денсаулығына, өз өміріне балта шауып жүргенін білер ме екен?
  Оның есесіне, ерінбей еңбек етіп, маңдай терімен ақша тауып, жоққа күйінбей, барды бағалай білгенге не жетсін!
  Нақты кезеңде адамзат баласының басына төнген қауіпті дерттің бірі –нашақорлық. Қаншама бейкүнә адамдар есірткінің құрығына түсіп, дүние салып, талай ауруларға ұшырады.
  Есірткі – бұл адамның көңіл-күйін, сана-сезімін, мінез-құлқын бұзатын қауіпті, тиым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық жиілігіне ұшыратады. Нашақор есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге түседі. Сондықтан да, жақындарымызды, балаларымызды зиянды әдеттерден аулақ болып өсуі үшін отбасында дұрыс тәрбие берілу керек.
  Ешқашан да ата-ана баласын қараусыз қалдырмай, оның үнемі пайдалы іспен айналысуына жағдай жасауы тиіс. Осы орайда, Абай атамыздың, «Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық, аздырар адам баласын» деген өлең жолдары ойыма оралып отыр.
  Расымен де, адам баласының азуына сенімсіздік, еріншектік, барлық пен жоқтық, ойсыздық, еңбек етпеу, белгілі бір іспен айналыспау әсер етеді. Келешекті, ертеңін ойламаған адам-қараң адам. Осындай адамдар ортасында тәлім алған балада қандай болашақ болмақ?
  Қазіргі уақытта статистикалық деректерге сенсек, еліміздегі есірткі пайдаланушылардың басым бөлігін жастар мен жасөспірімдер құрайды екен. Бұл өте өкінішті жағдай. Ендеше теріс әдеттен аулақ болайық.

Нұрбибі АҚЫНБЕКОВА,
Қармақшы ауданы
Ақтөбе ауылы №109 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

02 мамыр 2018 ж. 2 442 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области