ОҚУ-ЖАТТЫҒУДА ҚИЫН БОЛСА, ҰРЫСТА ОҢАЙ БОЛАДЫ
Оқу-жаттығудың мақсаты - Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің күштері мен құралдарының кәсіби дағдыларын арттыру, жедел, коммуналдық қызметтер мен орталық қызметкерлерін және медициналық мекеме қызметкерлерімен өзара әрекеттесу.
Тактикалық жоспарға сәйкес рентген-кабинеттің жабдықтарының қысқа тұйықталуына байланысты үшінші қабатта шартты өрт пайда болды. Нысан қызметкерлері өрт кезінде негізгі іс-шараларды әзірледі: өрт туралы хабардар ету, науқастарды эвакуациялау және өртті өрт сөндіру құралдарымен сөндіру.
Оқу-жаттығу барысында жедел және коммуналдық қызметтерінің лауазымды тұлғаларының өрт кезінде өзара әрекеттесуі үшін алгоритм жасалды.
Келген өрт сөндіру бөлімдері пациенттерге, келушілерге және медицина қызметкерлеріне шынайы өрт туындаған кезде атқарылуы қажет зардап шеккендерді құтқару және эвакуациялау жедел іс-әрекеттерін көрсетті.
Оқу-жаттығу аяқталғаннан кейін талдау жүргізіліп, Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Н. Ибрагимов өткізілген өрт сөндіру оқу-жаттығуға оң бағасын берді және анықталған ескертулерді жою үшін нысан қызметкерлеріне ұсыныс жасады.
Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және
авариялық-құтқару жұмыстары қызметі