ЕСТЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТІН ЖАҚСАРТУ ҚИЫН ЕМЕС
Бүгінде айналамыздағы зулап өтіп жатқан ақпараттардың бәрін есте ұстау мүмкін емес. Дегенмен есте сақтау қабілетін жақсартудың да өзіндік әдіс-тәсілдері бар екен. Мына кеңестер сіздің де кәдеңізге жарап қалар:
•Ешқашан жалқаулыққа салынбаңыз. Өйткені, жалқау адамның ойлары әлсіз келеді де, есте сақтау қабілетін төмендетеді.
•Егер есеп-қисап цифрлары, бір сөздің мағынасы, әншінің есімі тағы басқадай нәрселерді ұмытып қалсаңыз, бірден сөздік кітапша, интернет көмегіне жүгінбей, бірнеше минуттың ішінде еске түсіруге тырысыңыз.
•Қызықты кітаптарды оқығаннан кейін қысқаша сюжетін, басты кейіпкерлердің аттарын қойын дәптерге жазып қойыңыз. Уақыт өте әлгі жазбаны көзіңізбен бір шолып, оқыған дүниеңізді еске түсіріп отырыңыз. Бұл еске түсіру қабілетін жақсарту жаттығуы болып табылады.
•Спортпен шұғылданыңыз, көп қимылдап, үнемі қозғалыста болыңыз. Белсенділік адамның миындағы қан айналымды жақсартады, хабарламаларды қабылдау барысын реттейді.
•Есіңізде болсын, көз алдыңызда тұрған мәтінді мағынасын жете түсінбей жаттап алу кері әсерін тигізеді, неғұрлым өз сөзіңізбен айтып жеткізсеңіз есте сақтау қабілетіңіз арта түседі.
•Қайталау есте сақтаудың қайнар көзі болып табылады. Бірақ мәтінді бір дегенде бес мәрте емес, бес күннің ішінде бір реттен оқып отырсаңыз, әлдеқайда есте қалады.
•Қолөнер бұйымдарын тоқумен айналысуды тек үйде отырған әйелдердің ғана ісі деп танысаңыз қателесесіз. Тоқыма, шілтер тоқу, моншақ тізу, киім тігу істерінің бәрі мидың есте сақтау қабілетін бекіте түседі.
•Балық, теңіз тағамдары, сұйық май, көкөністердің тигізер пайдасы зор. Кейде шоколад жесе де пайдалы.
•Психологтардың пікірінше, шет тілдерін үйрену қартаюдың жолын қысқартады, яғни ол да есте сақтау қабілетін арттыруға ықпал етеді.