Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » СУ ТАСҚЫНЫ БОЛҒАН КЕЗДЕ ӨЗІН ҰСТАУ ЕРЕЖЕСІ

СУ ТАСҚЫНЫ БОЛҒАН КЕЗДЕ ӨЗІН ҰСТАУ ЕРЕЖЕСІ


Егер сіз су тасқыны мен су басу қаупі туралы дабыл алсаңыз не істеу керек?
Егер сіздің аудан су тасқыны мен су басудан жиі зардап шегетін болса, онда су басу аймағының шекараларын, сондай-ақ биік жерлерді, өзіңіз тұратын жерге жақын орналасқан, сирек су басатын жерлерді, сондай-ақ сол жерлерге баратын төте қысқа жолды біліп және есте ұстаңыз,
Қайықтың, су салдарының және жүзу құралдарының дайындауға қолда бар материалдардың сақтау орындарын есте сақтаңыз. Эвакуация болған жағдайда бірінші кезекте өзіңізбен бірге алатын құжаттардың, мүлік пен дәрілердің тізімін алдын-ала жасаңыз.
Құндылықтарды, қажетті жылы киімдерді, артық тамақтарды, суды, сондай-ақ дәрі-дәрмектерді арнайы шамаданға немес рюкзак қапшыққа салып қойыңыз. Қайық пен басқа да жүзу құралдарын дайындаңыз. Оларды су айдап әкетпес үшін, міндетті түрде байлап қойыңыз.
Су тасқыны мен су басу қаупі туралы дабыл алған кезде:
- суды, газды және электр тоғын өшіріңіз;
- жанып тұрған пешті сөндіріңіз;
- егер уақытыңыз жеткілікті болса үйдің жоғарғы қабатына (шатырға) құнды заттар мен мүліктерді, тұщы су қорын және ұзақ мерзімге сақтауға келетін консервіленген тағамдарды тасып шығарыңыз;
- ауылшаруашылық инвентарларын қауіпсіз орынға апарыңыз;
- өз үйіңізді апат соққысына дайындаңыз;
- бірінші қабаттағы барлық есік пен терезелерді жабыңыз, қажет болғанда және уақыт көтерсе терезелер сынбас үшін оларды тақтаймен немесе үйеңкі фанерасымен шегелеп тастаңыз;
- өзіңізбен бірге су өткізбейтін пакетте жеке құжаттар, ақша, бағалы заттар, медициналық қобдиша, мезгілге сай киім мен аяқ киім, жатын жаймалары мен дәретханаға қажеті заттарды сонымен қатар үш күндік тамақ (киімдер мен тамақты чемоданға немесе сөмкеге салған жөн) алыңыз;
- қауіпсіз ауданға көшу үшін белгіленген уақытта эвакуациялық жинақтау пунктіне барыңыз.
Кенеттен су басса:
- үрейленбей, сабырлылық танытыңыз;
- тез арада жақын жердегі қауіпсіз, биік жерге шығуға тырысыңыз, сумен сонымен қатар қолда бар жүзу құралдарының көмегімен көшуге тырысыңыз;
- егер бұл мүмкін емес болған жағдайда жоғарғы қабатқа немесе үйдің шатырына шығыңыз;
- су көтерілген жағдайда шатырға ал су тез көтерілген жағдайда – үй шатырының қырына шығу керек;
- балалар, ауру, әлсіз, жаураған адамдарды өзіңізге немесе шатырдың берік бөлігіне мысалы пеш құбырына байлаңыз;
- ағаштарға, бағандар мен сенімсіздік тударатын құрылыстарға шығуға болмайды. Олар су тасқынымен қозғалып, құлауы мүмкін;
- құтқарушылардың назарын аудару үшін үнемі апат дабылын беріп отырыңыз; күндізгі уақытта жоғары жерде ақ немесе түсті мата іліңіз, ал түнгі уақытта жарық дабылын беріңіз;
- құтқарушылар келгенге дейін жоғарғы қабатта және биік жерлерде қалыңыз;
- өз бетіңізбен көшіруді тек зардап шегушіге тез арада медициналық көмек көрсету қажет болғанда, тамақтың жоқтығынан, құтқарушылардың келуіне сенімсіздік туғанда немесе жай - күй нашарлағанда жүзеге асыруға болады;
- өз бетінше көшіруде жеке қайықтар мен катерлерді, бөренелер мен басқа да қолда бар құралдарды пайдаланыңыз.
Су қайтқаннан кейін:
- үй қирауы қауіпсіздігінің жоқтығына көз жеткізу үшін, үйді мұқият қарап шығу;
- ішкі бөлмелерді жарықтандыру үшін шырпыны немесе шамдарды қолданудан сақ болу (жарықтандыру үшін электрлі жарық түсіргіштер қолдануға болады);
- үзілген немесе жалғанбаған электрлі сымдардан сақтану;
- есте ұстаңыз, мамандардың электр торабын тексергенге дейін электр құралдарын қосуға тыйым салынады;
- қираған немесе нұқсан келген су құбырлары, газ және канализация магистральдары туралы тез арада коммуналды қызметтер мен ұйымдарға хабар беріңіз;
- суда қалып қойған азық түлікті санитарлы-эпидемиологиялық қызметтің тексерісінсіз тамаққа қолдануға тыйым салынады;
- су басқан жерлердегі құдықтарды міндетті түрде дезинфекциялау қажет.
Қызылорда облысы ТЖД

03 наурыз 2018 ж. 3 882 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области