Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МҰРАЖАЙЫНА 30 ЖЫЛ

ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МҰРАЖАЙЫНА 30 ЖЫЛ

Тамыры тереңде жатқан небір құнды жәдігерлер сақталған, аудан тарихынан сыр шертетін мекеме – Арал аудандық тарихи-өлкетану музейі. Ұлттың ұлылығын ұлықтайтын қасиетті орынға биыл 30 жыл толып отыр.
  1930 жылы ашылған мұражай 1947 жылы белгісіз себептермен жабылып қалған болатын. Оның экспонаттары облыстық музейге тапсырылғаннан кейін, ауданымызда жаңадан мұражай ашу жөнінде халықтан ұсыныс-тілектер көптеп түсіп жатты. Дегенмен, жаңадан бұл істі қайта қолға алып, жұмысты жандандыру оңай болмады. Өйткені, ескі дүниелер мен өсіп-өнген өлкеміздің өткенінен сыр шертетін құнды құжаттарды тауып, жиыстыру қиынның-қиыны болды.
   Осындай қысылтаяң тұста өз жұмысына жауапкершілікпен қараған марқұм, Қазақ ССР-не еңбек сіңірген мәдениет қайраткері сол кездегі аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, аталған мекеменің тұңғыш директоры Құдайберген Жасекенұлы бастаманы ұтымды ұйымдастыра білді. Яғни, мәдени-ағарту қызметкерлерін ауызбіршілікке шақырып, ауданымыздағы үйді-үйді аралап, тарихи экспонаттар, құжаттар, жалпы айтқанда, маңызы бар мәліметтер жинауға кірісті. Әсіресе, көптің көмегімен жиналған ежелгі адырна аспабы, әшекей бұйымдар, көне дәуірден сыр шертетін тұрмыстық заттар мен қару-жарақтар экспонаттар санын толықтыра түсті.
  Сөйтіп, көп жылғы еткен еңбектің нәтижесінде Қазақ ССР Министрлер Кеңесі 1988 жылдың 5 тамызында ауданымыздан дербес мемлекеттік музей ашы туралы қаулы шығарды. 1954 жылы қыш кірпіштен тұрғызылған мәдениет ошағында алғашқы жылдары 3 мыңға жуық экспонаттар жиналса, кейінгі жылдары олардың саны артып, жаңадан залдар безендірілді.
   Қазіргі таңда мұражай қорында 9795 жәдігер сақтаулы болса, оның 5747-сі негізгі қорға, 4048-і көмекші қорға жатады екен. Әсіресе, жәдігерлердің ең құндысы 1899-1898 жылдары жазылған «Шариғат кітабы», 1900 жылы жарық көрген «Араб-парсы» сөздігі, 1922 жылы шайыр Нұртуған Кенжеғұлұлының «Өлеңдер жинағын» айтпай кетуге болмас.
  Өткенен сыр шертетін құндылықтарымызды жинақтаған мекеме директоры Мади Жасекеновті сөзге тарттық: –
  Қазіргі таңда музей қорында он мыңға жуық баға жетпес дүниелер сақтаулы тұр. Жалпы айтқанда, археология, этнография, өнер мен әдебиет, өлке тарихы, Тәуелсіздік залы және Арал қаласының тарихынан сыр шертетін залдардаартына өшпес мұра қалдырған өлкемізде өмір сүрген би-шешендердің, батырлардың, өнер иелерінің суреттері мен құжаттары бар. Сонымен қатар, аймағымызда өмір сүрген зергер-суретшілердің бұйымдары, ата-бабаларымыздың тұрмыста тұтынған заттары, киім-кешектерінен бөлек, «Лениннің Арал балықшыларына жазған хаты» мен осыған орай «Түркірыбтың» жерлестерімізге жіберген станогінің макеті де осы жерден орын алған. Жылына бұл жерге 14900 адам бас сұқса, олар көрмені тамашалауды ең алдымен, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған залдан бастайды,- деді.
  Иә, аудандық музей Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында, Ұлт-жоспары-«100 нақты қадам» бес институционалдық реформасы төңірегінде, «Қазақстан-2050» Стратегиясы мен «Мәдени мұра» бағдарламасы негізінде көптеген жұмыстар атқарып жатыр. Атап айтар болсақ, жерлесіміз жазушы Зейнолла Шүкіровтің 90, ақын Нұртуған Кенжеғұлұлының 130, ҚР-ның Халық артисі, Мемлекет және қоғам қайраткері Құдайберген Сұлтанбаевтың 70, ҚР-ның Тұңғыш Премьер-Министрі Ұзақбай Қарамановтың 80 жылдық мерейтойына орай қызықты кездесулер, көрмелер ұйымдастырды. Бұдан бөлек, аңыз болып айтылып келген дереккөздермен жұртшылықты таныстыру үшін Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында «Өнер мен дәулет қонған жер», ауданымыздағы Қарақұм, Сазды, Тоқабай елді мекендерінде «Тарихыңды таны, тұлғаңды құрметте» тақырыптарында көшпелі көрмелер қолға алынды. Және де жаңашылдыққа құмар ұжым мүшелері жуырда Қармақшыдағы «Қорқыт ата» мемориалдық кешенінде өткен қолөнер ісі шеберлерінің облыстық фестваліне қатысып, құнды дүниелерімен көпшілікті сүйсінтіп қайтты.

Света ҮСЕНҚҰЛОВА,
Арал ауданы

07 мамыр 2018 ж. 906 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области