Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » СЫРДЫҢ СЫРЛЫ ЖӘДІГЕРЛЕРІ

СЫРДЫҢ СЫРЛЫ ЖӘДІГЕРЛЕРІ

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясында Қазалы ауданының 90 жылдығына орай аудандық оқушылар үйінде 23 сәуір күні "Сырдың сырлы жәдігерлері" атты көрмесінің ашылу салтанаты өтті.
  Көрме төрінен Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі қорында жинақталған археологиялық, этнографиялық экспонаттар және Сыр елінің археологиялық ескерткіштерінің фотосуреттері, ғасырлар шеруінде Қазақ елінің төрт астанасы: Сырдария сақ тайпаларының астанасы - Шірік-Рабат, Оғыз мемлекетінің бас қаласы – Жанкент, Қазақ хандығының орталығы – Сығанақ, 1925-1929 ж.ж. Қазақстан Республикасының астанасы – Қызылорда қалаларының мобильді стендісі, музей қорындағы аса құнды зергерлік әшекей бұйымдар, сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар, археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған экспонаттар орын алды.
  Сыр бойы жұмбақ сырлы қорғандары, төбе төбе обалары бар қордалы өлке. Кез-келген жаңалық өткеннің өзегінде дамып, келешек ұрпаққа жалғасын табары заңдылық. Ғасырлар сынынан өтіп, уақыт пен болмыс қалыптастырған ұлттық дәстүріміз, бабалар маңдай тері, аталар қол еңбегі, аналарымыздың көз майы сіңген төлтума дүниелер, көненің көзі, көз жауын алып, көңіл толқытатын жәдігерлер киелі өлкеміздің мәдениет пен руханият ордасы 80 жылға жуық тарихы бар облыстық тарихи-өлкетану музейі арқылы ұрпақтан ұрпаққа жетіп отыр.

Құрметті аудан қазалылықтар!
Көрмені 23-30 сәуір аралығында аудандық оқушылар үйіне барып тамашалай аласыздар.                                                                  

26 сәуір 2018 ж. 1 082 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области