Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » СЫРДЫҢ - СЫРЛЫ ӨНЕРІ

СЫРДЫҢ - СЫРЛЫ ӨНЕРІ


    Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына орай Байқоңыр қаласында «Сырдың - сырлы өнері» атты шара ұйымдастырылды. Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі, Қорқыт Ата музейі, Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейлері қорындағы құнды жәдігерлер мен елге белгілі облыс шеберлері әзірлеген қолөнер бұйымдары қойылған көрмені жұлдызды қала тұрғындары тамашалады.
    Шараның ашылуына ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнайы өкілі Серік Қожаниязов, Татарстан президенті Рустам Минниханов басқарған бауырлас ел делегациясы мүшелері қатысты.  
    Елбасы бастамасымен қолға алынған рухани жаңғыру аясындағы көрме ұлттық салт-дәстүрімізді айрықша айшықтаған шара болды. Оған зергерлік және ағаш бұйымдар, Сыр сұлулары киген киім үлгісі, ХІХ ғасырдан жеткен жәдігер – ағаштан ойылып жасалған кесеқап қойылды. Көрмеден қолөнер шеберлері әзірлеген металдан, теріден, сүйектен, ағаштан жасалған бұйымдары да орын тепті.
    Белгілі ағаш шебері Жәнібек Махамбетов, сүйектен түрлі бұйымдар жасайтын Самалбек Бурабаев, аралдық жас шеберлері Шайхы-Ислам Мағауияұлы мен Құрманғазы Бектұрсынов, құрақ құрап, ұлттық киімдер тігетін Қарлығаш Ілиясова, Күнсұлу Еспанова мен Балжан Сатыбалдиева, шиелілік шебер Мая Қалжанқызы, Жаңақорған ауданының тұрғыны Оспанхан Мұсаев, гобелен, түкті кілем тоқушылар Сәуле Шайхсламова мен Баян Көпжасаровалар жасаған бұйымдар көптің қызығушылығын тудырды.





21 желтоқсан 2017 ж. 1 182 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области