ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІЛЕР АРАСЫНДА «ҮМІТ -2017» БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Байқауға ЗК-169/1,ЗК-169/5, ЗК-169/5 мекемелерінде жазаларын өтеп жүрген азаматтар салған суреттер мен қолданбалы өнер бұйымдары қатысты. Қызылорда облыстық тарихи- өлкетану музейі Көркемсурет галереясының меңгерушісі Г.Рамазанова, осы музей әдіскері П.Ашанова, «Қызылорда облыстық тұтынушылар құқығын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігінің заңгері Р.Ермаханов, «Кызылорда таймс» газетінің тілшісі В.Жакибаева, ҚАЖД мемлекеттік тіл маманы Д.Достановалардан жасақталған қазылар алқасы әр туындының лайықты бағалануына барын салды.
Қазылар ұйғарымымен «Күз» картинасы бірінші орынға әбден лайық деп танылды. Жазасын өтеушілер жасаған кеме туындысы ІІ орын алды. Ағаштан қашалған қобдиша мен «Қорқыт ескерткіші» графикасына үшінші орын берілді.
Байқау жеңімпаздары марапатталып, суреттер мен қолөнер бұйымдары «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылына берілді.