Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «СЫРЛЫ ӨРНЕКТЕР» КӨРМЕСІ ШАҚЫРАДЫ

«СЫРЛЫ ӨРНЕКТЕР» КӨРМЕСІ ШАҚЫРАДЫ


    Облыс орталығындағы көркемсурет галереясында Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында музей қорында сақталған қолданбалы тоқыма бұйымдарынан, ою өрнектерден ұйымдастырылып отырған «Сырлы өрнектер» атты көрме ұйымдастырылды. Оның ашылуына жергілікті суретшілер мен қолөнер шеберлері, ЖОО студенттері, мектеп оқушылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
    Көрмеге қатысушы ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Мәдениет қызметкері Рахым Шегебаев, Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінің аға оқытушысы Аппаз Жүсіпов халқымыз қастерлеген ұлттық өнеріміздің жас ұрпақтарға үлгі боларлық тәрбиелік маңызын, мәдени мұрасы туралы терең ой қозғады.
    Көрмеге  уақыт өткен сайын жарқырай түсетін, сан ғасырлар өтсе де өзінің мәні мен мағынасын ешқашан жоғалтпайтын ұлттық құндылығымыз, ұлттық өнерімізді паш ететін музей қорында сақталған қолданбалы тоқыма бұйымдары (текемет, кілем, бау-басқұрлар, уық баулар, қоржын, аяққап, желбау, иінбаулар және т.б.)  ұлттық ерекшелігімізді дәріптейтін құнды жәдігерлер қойылды.
    Айта кетейік, көрме 10 наурызға дейін жалғасады.




05 наурыз 2018 ж. 1 023 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области