АЙРАН ІШСЕҢІЗ, АУЫРМАЙСЫЗ

Айран әртүрлі пайдалы микроэлементтерге аса бай болып келеді.
Ағарғанның бұл түрі түрлі ауру қоздырғыш микроорганизмдерді жойып жіберетін қасиетке ие.
Айрандағы қышқыл бактериялар қоздырғыштардың өсіп-өнуін айтарлықтай тежеді.
Сондай-ақ олар ағзаның иммундық жүйесін оятып, оны рак клеткаларының өсіп-өнуіне жағдай жасайтын ферменттерді жойып жіберуге бағыттайды.
Күніне 500 миллиграмм айран ішу – рак клеткаларының пайда болуының алдын алады.
Айран адам ағзасының темірге деген сұранысының 40 пайызын қамтамасыз ете алады.
Айран ағзадағы жойылып кеткен жасушылардың қайтадан қалпына келуіне көмектесетін А витаминіне бай.
Ал айран құрамындағы А витамині ағзаны жақсартып, теріні жұмсартып, көру қабілетін жақсартады.
Күн сайын жатар алдында 250 миллиграмм айран ішуді әдетке айналдырған адамның ас қорыту жүйесі жақсы жұмыс істеп, қан айналымы қалыпты болады.