ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІХ-ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

Жарыстың ашылу салтанатында Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» бас директоры Садық Мұстафаев елімізде өтіп жатқан дүбірлі додаға қатысушы жасөспірімдерге сәттілік тілеп, жарысты ашты.
Сондай-ақ, ашылу салтанатына Қызылорда облысы мәслихатының хатшысы Наурызбай Байқадамов, Қызылорда облысы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ақзира Қасымова, Қызылорда облысы Аймақтық дене тәрбиесі методикалық орталығының директоры Бауыржан Әбенғалиев және еліміздегі облыстардың Аймақтық дене тәрбиесі методикалық орталықтарының директорлары қатысты.
Ашылу салтанатында көрермендерге театрландырылған көрсетілім қойылды.


