Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА БИЗНЕС-ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА БИЗНЕС-ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

Жергілікті инвестордың қаржысы есебінен Қызылордада 32 бөлмелі қонақ үйі бар «Prima Park» заманауи бизнес-орталығы ашылды. Нысанда 60 адам жұмыспен қамтылатын болады.
  Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жаңа бизнес-орталықты аралап, аймақта кәсіпкерлікті дамыту үшін ыңғайлы алаңдарды ашу маңыздылығын атап өтті.
   «Өздеріңіз білетіндей, 2018 жыл аймағымызда жаппай кәсіпкердікті қолдау жылы деп жарияланды, өйткені шағын және орта бизнесті дамыту арқылы барлық негізгі мәселелерді (бюджетті ұлғайту, жаңа жұмыс орындарын ашу және қоғамдық тұрақтылықты сақтау) шешуге болады. Жергілікті кәсіпкерлердің мұндай жобаларды қолға алғаны қуантады, өйткені бюджетті ұлғайту тетіктерінің бірі – кәсіпкерлікті дамыту», - деп аймақ басшысы орталықтың жұмысына сәттілік тіледі.
  8 қабатты бизнес-орталықтың ғимаратында 32 бөлмелі қонақ үй, 80 автоколікке арналған автотұрақ, және арендалық бөлмелер орналасқан. Орталық директоры Ғани Пірімжановтың айтуынша, ғимарат ішінде коворкинг орталығы мен «open-space» түріндегі 80 және 30 орындық екі конференц-зал қарастырылған. Кешен жылдамдығы жоғары интернет пен ағылшын және қытай тілдеріне ілеспе аударма жүйесімен қамтылған.
  Бизнес-орталықтың құрылтайшысы – «Асбол» ЖШС, жоба құны 1,5 млрд. теңге, оның 241 теңгесі «Даму» қоры арқылы мемлекеттік бағдарлама аясында жеңілдетілген несие ретінде берілді.
  Естеріңізге сала кетейік, Қызылорда облысында 2018 жыл Жаппай кәсіпкердікті дамыту жылы деп жарияланған болатын. Аймақта жалпы бюджеті -325 млрд. теңгеден астам «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» кешенді Жол карта жасақталды оның 3 млрд.теңгеден астамы стартап-жобаларға бағытталып отыр.





10 мамыр 2018 ж. 725 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области