Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «ЭЛЕКТРОНДЫ ҮКІМЕТ» ПОРТАЛЫНДА БІР МЕЗГІЛДЕ ТӨРТ ҚЫЗМЕТ АЛУҒА БОЛАДЫ

«ЭЛЕКТРОНДЫ ҮКІМЕТ» ПОРТАЛЫНДА БІР МЕЗГІЛДЕ ТӨРТ ҚЫЗМЕТ АЛУҒА БОЛАДЫ

Электронды үкіметтің www.egov.kz порталында шағын және орта бизнес субъектілеріне кәсіпорынды тіркеген кезде бір мезгілде ҚҚС есебіне тұру, банктік шот ашу және қызметкерді жазатайым жағдайлардан міндетті сақтандыру келісімшартын жасауға мүмкіндік беретін мемлекеттік қызмет жұмыс жасайды. Бүгінгі таңда бұл қызметке екінші деңгейлі төрт банк – «ForteBank», «Цеснабанк», «Халық Банкі» және «Альфа-Банк», сондай-ақ екі сақтандыру компаниясы – «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру бойынша компания» АҚ және «Азия Life» өмірді сақтандыру бойынша компания» АҚ қосылған.
  Қазіргі уақытта қосымша 9 банк пен 4 сақтандыру компаниясын қосу жұмыстары жүргізілуде.
Осылайша бизнесті осындай форматта электронды тіркеу шығындарды оңтайландырып, процедуралар мен мерзімді айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік берді.
  Бұрын кәсіпкер ең алдымен заңды тұлғаны тіркеуі, шот ашу үшін банкке тіркегені туралы анықтаманы апаруы, кейін ҚҚС бойынша есепке қою үшін мемлекеттік кірістер органына, сондай-ақ қызметкерді міндетті сақтандыру келісімшартын жасау үшін сақтандыру компаниясына баруы тиіс болған.

Е.ТАЖИКЕНОВ,
Қызылорда облысы Әділет департаментінің
заңды тұлғаларды тіреу жұмыстарын ұйымдастыру
бөлімінің басшысы
11 мамыр 2018 ж. 545 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области