Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚҰТ МЕКЕН

ҚҰТ МЕКЕН

2018 жылдың 11-12 мамырында Қаратау қойнауындағы Үсен бауында Малшылар слеті төртінші рет өтеді. Дәстүрге айналған малшылар тойының маңызы мен ерекшелігі неде? Неге Жаңақорған ауданы таңдалды?
Осыған жауап іздеп көрелік...
  Біріншіден, слеттің Жаңақорған жерінде төртінші рет өткізілуі тектен-тек емес. Оған ауданның географиялық орналасуы өте қолайлы мүмкіндік берді. Яғни, жазғы аптап ыстықта паналайтын Қаратауы, үскірік аязды қыста қоныс етер Сыры бар, одан ары Қызылқұмның шүйгініне мал жайлауға болады. Бір сөзбен айтқанда, қыр мен Сырды қоса қоныс тепкен Жаңақорғанның жері құт, әрі ырысты.
  Екіншіден, ауданда мал шаруашылығы дамуының екпіні жоғары. Оның дәлелі ретінде, өңір төрт түлігінің үштен бірі Жаңақорғанда екенін айтуға болады. Аудандық статистика басқармасының мәліметінше, мүйізді ірі қара – 52357, қой мен ешкі – 245744, жылқы – 12260, түйе – 1392 бас. Жалпы, 2015 жылдың қорынтындысы бойынша қой басы – 110,3, жылқы басы – 111,9, түйе басы – 108,2 пайызға көбейген. Айта кететіні, облыста «Сыбаға» бағдарламасы бойынша бірнеше жылдан бері көш басында келеді. Соңғы рет 1996 жылы Жаңақорған жерінде өткізілген малшылар тойының жергілікті жерде қайта жаңғыруының мәнін осыдан-ақ бағамдауға болады.
  Үшіншіден, Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан ауданның әлемдік нарыққа шығар жолы айшықты. Мәселен, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық жолы мен Қазақстан-Түркменстан-Иран арасын жалғайтын «Өзен-Бекет-Гөрган» транс шекаралық темір жол магистралы арқылы Кәрі құрлық пен Аспан асты еліне және парсы, араб мемлекеттеріне жергілікті табиғи өнімді шығаруға мүмкіндік мол. Ауданда қуаттылығы жылына 7 мың тонна болатын қозы етін дайындау комбинатын салу жолын іздеудің сыры осында болса керек-ті.
  Енді малшылар тойы не үшін қажет? Соған тоқталсақ.
Біріншіден, малшылар мерекесі барысында мал шаруашылығы саласының жетістігі мен озық технологиясынан тәжірибе алмасып, пікір алаңына айналды.
Екіншіден, малшылар мен ғалымдар бірігіп, іс жасауға уағдаласып, тәжірибе алмасты.
Үшіншіден, жеткен жетістігімізді саралап, кем-кетігімізді түгендеуде таптырмайтын жиын.
Төртіншіден, үздіктерді марапаттап, қолдап, жігерлендіріп, тірлікке деген ынтасын арттыруда өзіндік орны бар.
Бесіншіден, түліктің қоңын арттыру мақсатында күн ұзақ жайлауда жүретін шаруалардың ой сергітіп, бой жазуына, діттеген мақсатына қуат беретін той болды.
11 мамыр 2018 ж. 655 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области