МАЛ БАСЫ КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ
Қызылорда облысында 2017 жылы ет өндіру (тірілей салмақта) 2,6%-ға, сүт өндіру 1,3%-ға, жүн 6,3%-ға, жұмыртқа өндіру 18,1%-ға артты. Мүйізді ірі қара саны 7,3%-ға, қой 1%-ға, жылқы 8,0%-ға, түйе 9,3%-ға, құс 28,8%-ға көбейді.
Мемлекеттік «Сыбаға» бағдарламасы аясында 2017 жылы 70 шаруашылық 2507 бас сиыр, 119 бас бұқа сатып алып, жоспар 119,4% орындалды.
«Алтын асық» бағдарламасы бойынша 11 шаруашылық 1633 бас қой, 167 бас қошқар сатып алып, жоспар 163,3% орындалды.
«Құлан» бағдарламасы бойынша 673 бас жылқы және 56 бас айғыр сатып алынып, жоспар 134,6% орындалды.
Облыс тұрғындарын ет және ет өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында 2017 жылы «Қызылорда қаласында мал сою пункті және мал бордақылау алаңын салу», «Жаңақорған ауданында асылтұқымды репродуктор шаруашылық құру» жобалары жүзеге асырылды.
«Сырдария ауданында мал бордақылау алаңын, мал сою пунктін және ет комбинатын салу», «Жалағаш ауданында ет комбинатын және асылтұқымды репродуктор шаруашылық құру», «Қармақшы ауданында жылына 1500 тонна құс етін өндіретін құс фабрикасын салу» және «Жаңақорған ауданында мал сою пункті мен асыл тұқымды репродуктор құру» бойынша 4 жобаны жүзеге асыру басталды.
2017 жылы Иран Ислам Республикасына 812 бас қозы, Моңғолияға 300 бас қозы және Біріккен Араб Әмірлігіне 1132 бас қой экспортталды.