Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БАСПАСӨЗДІҢ БЕДЕЛІ МЕН БАҒЫТТАРЫ

БАСПАСӨЗДІҢ БЕДЕЛІ МЕН БАҒЫТТАРЫ

Шиелі ауданында 5 мамыр күні «Аймақ баспасөзінің беделі мен бағыттары» атты облыстық көшпелі семинар болып өтті.
  Алдымен «Сыр Медиа» ЖШС бас директоры А.Оңғарбаев, сондай-ақ облыстық 4 басылым мен аудандық 7 газеттің редакторлары аудан әкімінің қабылдауында болды.
  Мұнан соң семинар қонақтары орталық алаң, «Құрметті азаматтар» аллеясы, Ы.Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейі, Көкшоқы елді мекеніндегі «Тағзым алаңы» сынды көрікті орындарда болды.
  Кенттегі «Арман» мәдениет үйіндегі семинарда аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Есмахановтың алғы сөзінен соң баспасөзге қатысты келелі ойлар ортаға салынып, болашаққа жоспарлар жасалды.
  Атап айтсақ, «Сыр медиа» ЖШС бас директоры А.Оңғарбаев бүгінгі күнгі баспасөз құралдарының қоғамдағы рөлі туралы айтып, заман талабына сай ілгерілеп отыру керектігін жеткізді.
  Көшпелі семинарда «Сыр Медиа» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары М.Аралбаев «ІІ жартыжылдыққа баспасөзге жазылудың барысы туралы» баяндаса, облыстық «Сыр бойы» газетінің бас редакторы Қ.Шарабидинов «Газет және бүгінгі бәсеке» тақырыбында баяндама жасап, газеттің күші мен құдіретін сөз етті.
 Иә, бүгінгі дамыған технологияның көмегімен жер бетіндегі болып жатқан оқиғалар әп-сәтте назарымызға ілігіп жатады. Сондықтан, билік пен халық арасындағы алтын көпір саналатын БАҚ тұрғындарға шынайы, әрі ойсаларлық мақалаларды уақытылы жеткізіп отыру үшін сайт жұмыстарын да қолға алған.
  Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде де парақшаларын кездестіріп, жаңалықтардан құлақтануға болады. Сондықтан, интернет желісі қаншалықты дами түссе, газет те солай ілгері жылжып, жылдам ақпарат таратып келеді. Тоқсан ауыз сөзді тобықтай түйіндесек бұл аймақ баспасөздерінің беделін арттырып, бағытын айқындай түсетін семинар болды.

Е.ДАТҚА,
Шиелі ауданы


05 мамыр 2018 ж. 870 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области