АСЫЛ ТАСТАРДЫҢ ДА ПАЙДАСЫ МОЛ
Қазір жұртшылықтың зергерлік дүниелерге деген ықыласы жоғары. Жалпы, нарықтық қатнас дамыған кезеңде сауда қылу, бірді екі ету соншалықты абыройсыз іс емес, керісінше жетістік саналады.
Атам қазақ «Қалауын тапсаң, қар жанады» деп тұспалдайды. Қар қайдан жансын, ондағысы ыңғайын келтірсең, ісің оңға басады дегенді меңзегені ғой. Шындығында солай, кәсіпкерліктің кілтін тапсаң шаруаң жүретінін өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Қазір өңірде тосындау істің ұтырын келтіріп, пайда көзін тауып отырғандар да баршылық.
Біздің қаламызда мұндай бұйымдарды сататын дүкендер де жетерлік. Бір атаулы мерекеге, туылған күнге сыйлық іздесеңіз, немесе жақыныңызды бір мерейлі қуанышпен құттықтағыңыз келсе осындай асыл тастар дүкеніне ат басын бұрамыз. Оларға кіре қаласаңыз, анадайдан “менмендалап” тұрар асыл тастардан көз ала алмай қалар едіңіз. Бірақ бүгін біз олардың қалтаға қанша салмақ салатын құнын емес, емдік қасиеттеріне тоқталмақпыз.
Жалпы, бағалы, асыл тастарды адамзат баласы тек сәндік үшін ғана тағады десек, қателесер едік. Әрине, эстетикалық көзқараспен қарағанда асыл тастардан жасалған дәстүрлі зергерлік бұйымдардың кісіге кәдімгідей көрік беріп, ерекше ажарландырып жіберетіні бар.
Сонымен қатар, мамандар бүгінде олардың әртүрлі аурулардан сақтайтынын да алға тартып отыр. Қалай деген де бұған сенбеске болмайды. Мәселен, мойынға тағылған малахит шошынудан сақтаса, кәдімгі күміс алқа дифтериядан қорғайды екен.
Ал, хризолит тұтығуды емдейтін көрінеді. Хоралл мен изумурдтың да пайдасы жоқ емес. Бұл асыл тастар нәрестені тері аурулары мен эпилепсиядан сақтаса, баланың жастығының астына қойған коралл оның тыныш ұйықтауына көп көмегін тигізеді.
Ересек адамдарда кездесетін ұмытшақтықты тоқтатуға алмаз бен гауһар тастар айтарлықтай көмектеседі деген сөздің де жаны бар. Салқын тиіп сырқаттанған адамға маржан, топаз тастарының тигізер пайдасы аз емес. Ал жаныңыз жабырқау тартып, көңіл-күйіңіздің хошы болмаған жағдайда бриллиант, рубин тастарын тағып жүрсеңіз, көңіліңіз лезде серігіп, жайдарлана түседі екен.
Алтын – ақыл-ойды кемелдендіреді. Сондай-ақ, ол бойға қызу береді, жүрек жұмысын жақсартады, төзім мен шыдамды шыңдайды. Жүрегі, өкпесі, бауыры, тамағы ауыратын адамдарға шипалық әсері мол. Кәрі құрлықта, яғни Еуропа елдерінде неке сақинасын қолынан тастамайтын ерлі-зайыптыларды тату-тәтті ғұмыр кешеді, отбасы берекелі болады деген ұғым ертеден бар. Ал, күмістің бір өзінің бойында 200-ге жуық минерал бар екен. Оның ішкі құрылыстағы көптеген сырқаттарға ем екенін, өкпенің, іштің жұқпалы сырқаттарынан сақтайтыны, сонымен қатар бактерия жойғыш қасиеті медицина тұрғысынан дәлелденген.
Тарихшылар болса, атақты Александр Македонскийдің ас-суды күміс құмыраларының ішінде сақтағанын айтады. Оның ішінде ол өз дәмін кетірмей, дауалы қасиетін еншілік еткен. Атақты қолбасшы-патшаның елшілері күміс сумен жоғары шенді әскерилерді де емдеген.
Орта ғасырларда күміс суымен тип эмидемиясынан, тырысқақтан, обадан құтқарылатыны бізге тарихи жылнамалардан белгілі. Ал, адамдар тылсым табиғаттың сырын әлi бiлмейтiн уақытта (орта ғасырларға дейін) шіркеу оны табынушылық зат ретінде пайдаланған. Ол кезде табақтар, крестер, күмбездер тек қана күмістен жасалатын. Ол кезде адамдар күміс металы адамды аурулардан ғана емес, ібіліс-шайтанның қастықтарынан да сақтандырады деп сенген.
Ежелден Тұманды Альбионды мекен еткен ағылшындарда «аузымен күміс қасық тістеп туды» дегенге саятын мақал бар. Онысы дәулетті отбасында туды дегенді білдіреді екен.
Келесі бір түсті металл – мыс тыныштықтың, қоршаған ортамен үйлесімнің белгісі саналады. Ол бауыр мен лимфа жүйесінің жұмысын жақсартады. Қолға мыс білезік тағу бауыр ауруларына және семіздікке қарсы ем саналады. Сондай-ақ, мыс металының жарақаттың жазылуына да көмегі бар. Дененің соққы тиген жеріне бір түйір мыс баса қойсаңыз, қан ұйымайды, тезірек қимылдасаңыз тіпті көгерген таңба да қалмайды.Қалайының да өзіндік ерекшеліктері бар. Ол адамның өзіне деген сенімін қалыптастырып, өзін құрметтеуге үйретеді. Диабет, тері және өкпе ауруларынан, қан аздығынан және басқа да сырқаттардан сақтануға қолданылады.
Дайындаған Рүстем АЙБОЛАТ,
№221 орта мектептің 11 сынып оқушысы
Қызылорда қаласы