Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ ӨРІСІН КЕҢЕЙТІП ОТЫРҒАН ШАҢЫРАҚ

ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ ӨРІСІН КЕҢЕЙТІП ОТЫРҒАН ШАҢЫРАҚ

Отан отбасынан басталады. Жарасымды отбасының арқасында мемлекет нығаяды және дамиды, халықтың әл-ауқаты өседі. Сонымен қатар жанұядан толық сүйіспеншілікке бөленіп өскен, ер жеткен бала үлкен өмірге ата-анасы бойына дарытқан құндылықтарымен аяқ басып, есейіп ержетеді. Жалпы отбасы аға ұрпақ өкілдерімен: ата-анамен, ата-әжемен, іні-қарындаспен, ағайын туғандармен бауырмалдық байланыс, мызғымас туыстықтан тұрады. Отбасындағы берік қарым қатынас тұлғаның жан-жақты тұрғыдан қалыптасуына, мынау құбылмалы заманда оның көзқарасының беріктігін қамтамасыз ететін асыл ұя саналуы сондықтан.
   Өңірімізде үрім-бұтағын жайқалтып өсіріп, ұлты мен жұртына адал еңбегімен, өнегелі тәлім-тәрбиесімен танылып жүрген отбасылар жеткілікті. Сондай отбасылардың бірі Қарауылтөбе ауылдық округінде шаруашылықтың өрісін кеңейтіп отырған Досмахановтар отбасы.
  Аманкелді ағамыз мен Нәзима апай 55 жыл бір шаңырақ астында өмір сүріп, 6 қыз және 4 ұл тәрбиелеп отыр. Немерелер сүйіп отырған қарапайым еңбек адамдары көпке үлгі болуға әбден лайық.
Отағасы Амангелді Досмаханов зейнеткер, ауылдың құрметті ардагері, Қарауылтөбе ауылдық округі Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, кәсіпқой емес медиатор.
17 мамыр 2018 ж. 744 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области