Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АТА-БАБА ДӘСТҮРІ – ҰРПАҚҚА АМАНАТ

АТА-БАБА ДӘСТҮРІ – ҰРПАҚҚА АМАНАТ

Қызылорда қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен №268 мектеп-лицей базасында қалалық білім бөліміне қарасты №№143, 215, 218, 268, 145, 235, 257, 278 мектептерінің бірігуімен Қазақстан Елбасы Н.Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты мақаласындағы “Тәрбие және білім” базалық жобасын іске асыру бойынша “Ата-баба дәстүрі – ұрпаққа аманат” тақырыбындағы қалалық семинар-практикум болып өтті.
  Семинардың мақсаты - оқушыларға тарих және өлкетану ғылымдарын меңгерте отырып оқушылардың назарын өзінің кіші Отанының табиғи және мәдени мұрасын зерттеу мен сақтауға баулу. Сондай-ақ, қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің маңыздылығын арттыра отырып адамдардың қарым-қатынасындағы рөлін көрсету. Ұлт жанашыры болатын азамат тәрбиелеумен қоса аға буын өкілдерінің өнегелі өмір жолдарын кейінгі жас ұрпаққа насихаттау, ұрпақтар арасындағы сабақтастықты дамыту бағытындағы жұмыстарды жандандыру болды.
  Семинарға облыстық ішкі саясат басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығы мамандары, қалалық «Нұр Отан» партиясының өкілі мен қала мектептерінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
  Аталған семинардың ашылуында қалалық білім бөлімінің әдіскері Айнұр Ибраева сөз сөйлеп, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын іске асыру мақсатында жоспар түзіліп, көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып жатқанын айтып өтті.
Семинарға қатысушылар «Тарихи мұра – баға жетпес қазына» атты көрмемен танысып, «Мәңгілік елдің өнерлі ұланымыз» мәдени іс-шара, «Көнеден жеткен сыр-сандық» танымдық сабақ, «Туған өлке – тұнған шежіре» интеллектуалдық сайыс, "Мәдени-ұлттық генетикалық код: тарихы, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары" «дөңгелек үстел», «Ұмытпайық бабалар өсиетін, жаңғыртайық дәстүрдің қасиетін» атты түрлі іс-шараларға еніп, еркін микрофон айдарында қатысушылар өздерінің пікірлерін білдірді.
  Шара соңында белсенділік танытып, іс-шаралардың жоғарғы деңгейде өткізілуіне ат салысқан ұстаздар қалалық білім бөлімінің «Алғыс» хатымен марапатталды.

Қызылорда қалалық білім бөлімінің баспасөз қызметі


17 мамыр 2018 ж. 1 152 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области