Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «ДОСТЫҚ – БІЗДІҢ ТІРЕГІМІЗ» АТТЫ ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

«ДОСТЫҚ – БІЗДІҢ ТІРЕГІМІЗ» АТТЫ ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ


    Қызылорда қаласының білім бөліміне қарасты «№50 «Жұлдыз» балабақшасында «Достық - біздің тірегіміз» атты қалалық семинар өтті. Семинардың мақсаты музыкалық шығармаларды орындау кезінде әнді тану және атай отырып музыканы қабылдауға үйрету болды.
    Семинарға қатысушылар «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында әзірленген педогог тәрбиешілері мен тәрбиеленушілердің шығармашылығымен танысып, оқу қызметтерін тамашалады. Семинар барысында балабақша меңгерушісі Шамшиева Қарлыгаш Серикбайқызы сөз алып, семинар жұмысымен таныстырып өтті.
      «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тарихи тұлға, түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы - Қорқыт атадан бастау алады. Қорқыт ата жайындағы аңыздардан оның бойындағы үш түрлі өнер ерекше айқындалады. Семинарға қатысушы балаларды әуез жетекшісі Қорқыт бабамыздың  қобызымен және ұлттық аспаптарды таныстырды. Оқу қызметінде шаттық шеңберінен бастап, үш тілде әуенмен амандасып түрлі ойындар ойнатылды. Сайыстың ұпай сандары ноталармен бағаланды.
    Сондай-ақ, қазақ, өзбек, грузин, орыс, украйн халықтарының әуенін тыңдатып, биін билетіп, ойын арқылы аспаптарымен таныстырды. Интерактивті тақтада флипчарт технологиясымен жұмыс жасады. Семинар соңында  ата-анамен жұмыс «Ой мен ойын» интеллектуальді ойыны ойналып, тәрбиешілер мен тәрбиеленушілермен бірігіп, «Мәңгілік елдің- бақытты бүлдіршіндері» тақырыбында сахналық қойылым қойды.
    Қызылорда қаласы білім бөлімінің баспасөз қызметі

18 мамыр 2018 ж. 924 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области