Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » РОБОТОТЕХНИКА ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ

РОБОТОТЕХНИКА ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ


Елбасымыз, Н.Назарбаев «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Цифрлы Қазақстан» кешенді бағдарламасын қабылдауды жүктеген болатын. Ал биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында IT, киберқауіпсіздік, робототехника салаларына басымдық берген болатын.
   Осы орайда "Нұр Отан" партиясы Қызылорда облыстық филиалы, партия жанындағы "Жас Отан" ЖҚ облыстық филиалы «КазРоботикс» федерациясы және Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетімен бірлесе робототехника облыстық іріктеу байқауын өткізуде.
   «Нұр Отан» партиясы ІТ саласының дамуына өзінің үлесін қосуға әзір. Бұл байқауға іріктеу онлайн тіркелу арқылы жүзеге асырылды. Қазірдің өзінде байқауға 80-нен астам қатысушының тіркелгені, бағдарламаның орындалуына жастар ерекше ден қойып отырғандығын білдіреді. Біз қуаныштымыз. Байқау «КазРобоСпорт-2018» және «КазРобоПроект-2018» секілді екі бағыт бойынша жүзеге асырылады. Сондықтан нағыз мықтылар топ жарады ғой деп есептейміз",-деді шара барасында облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары Ержан Байтілес.
   Алдағы уақытта "Жас Отан" ЖҚ «КазРоботикс» федерациясымен бірлсесе тығыз жұмыстар атқаратын болады.




21 мамыр 2018 ж. 628 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области