Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » "100 ЖАҢА ОҚУЛЫҚ" ЖОБАСЫ АЯСЫНДА АУДАРЫЛҒАН КІТАПТАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

"100 ЖАҢА ОҚУЛЫҚ" ЖОБАСЫ АЯСЫНДА АУДАРЫЛҒАН КІТАПТАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Елбасы Н.Ә.Назарбаев “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты мақаласында бізге инженерлер мен дәрігерлер ғана емес, қазіргі заманды және болашақты терең түсінетін білікті гуманитарлық сала мамандары да ауадай қажет екенін айтты. Тарих пен саясаттану, әлеуметтану мен философия, психология, педагогика, экономика, мәдениеттану және филология ғылымдары бойынша студенттерге заманға лайық білім беруге қажетті жағдай жасауды тапсырды.
  Осы міндетті іске асыруға мүмкіндік беретін негізгі тетік ретінде “Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық” жобасы қолға алынған болатын. Осыған орай Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде профессор-оқытушылар мен студенттерді қазақ тіліне аударылған 18 оқулықпен таныстыру шарасы өтті.
  Университет ректоры, т.ғ.д., профессор Қ.А.Бисенов заман талабына сай, терең мазмұнды оқулықтар білім саласындағы жаһандық бәсекеге не¬ғұрлым бейімделген мамандарды даярлауда маңызы зор екендігін айтты.
  Сонымен қатар, ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор А.М.Абасилов "Тіл және мәдениетаралық коммуникация", "Тіл біліміне кіріспе", э.ғ.к., Н.С.Құлмырзаев "Төртінші индустриялық революция", с.ғ.к., С.Е.Сахиев "Әлеуметтану теориясы", "Әлеуметтану негіздері", э.ғ.к., М.А.Өмірзақова "Экономика" оқулықтары бойынша пікір-көзқарастарын білдіріп, олардың білікті кадрлар даярлауға үлкен септігін тигізетіндігін жеткізді.
Бүгінде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасына Ұлттық аударма бюросынан 3540 дана кітап жеткізілді.                                                                                                                                                              
23 мамыр 2018 ж. 1 112 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области