Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖАЗУШЫ БЕГІМБАЙ ҰЗАҚБАЕВ 70 ЖАСҚА ТОЛДЫ

ЖАЗУШЫ БЕГІМБАЙ ҰЗАҚБАЕВ 70 ЖАСҚА ТОЛДЫ


Жазушы, аудармашы Арал және Қазалы аудандарының құрметті азаматы, республикалық «Жалаңтөс Баһадүр» қоры төрағасының орынбасары Бегімбай Ұзақбаев 70 жас мерейтойын атап өтті.
   Айтулы күнімен мерейтой иесінің әріптестері мен достары құттықтады.
   Кездесуде облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жазушы Бегімбай Ұзақбаевтың С.М.Киров атындағы Қазақ ұлттық университетінің (қазіргі Әл-Фараби) түлегі екендігін, ұзақ жылдар бойы журналистика мен мемлекеттік қызметте жұмыс жасағандығын атап өтті.
«Жалаңтөс Баһадүр» тарихи романының авторы, 21 көркем және деректі повестер, әңгімелер мен ертегілер, көптеген ғылыми мақалалар, сонымен қатар көркем аудармалардың авторы екендігін тілге тиек етті.
   "Облыс тұрғындарының атынан өңірдің мәдениетін дамытуға қосқан үлесіңіз үшін алғыс айтып, Қызылорда облысының «Құрмет» грамотасын табыстағым келеді", - деді аймақ басшысы.
   Сондай-ақ, жазушының мерейтойымен замандас әріптестері Махмұтбай Әміреұлы және Айжарық Сәдібекұлы құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.
23 мамыр 2018 ж. 1 068 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области