Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ШЕГІРТКЕЛЕРДІ УЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ШЕГІРТКЕЛЕРДІ УЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ


     Қызылорда облысы бойынша биыл ерекше қауіпті шегіртке зиянкестеріне қарсы 144 392 гектар жерде өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекеттік инспекция комитетінің Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Еркебұлан Бекжанов мәлімдеді.
      Облыстық аумақтық инспекциясымен биыл аймақтағы фитосанитариялық жағдайды жақсартуға және шегірткелерді улау жұмыстарына баса көңіл бөлініп отыр.
       Оның ішінде италиялық прусқа қарсы - 65 543 гектар жер өңделеді. Ал Азиялыққа қарсы - 78 849 гектер. Аталған өңдеу жұмыстарын мамырдың 27-нен маусымның 25-і аралығында жүргізу жоспарлануда, - дейді Еркебұлан Бекжанов.
      Оның айтуынша ерекше қауіпті шегіртке зиянкестеріне қарсы республикалық бюджет есебінен бөлінген пестицидтер Қызылорда қаласына жеткізілген. Олар ертең тиісті аудандарға бөлініп берілетін болады.
      Химиялық өңдеу жұмыстарына барлығы 25 техника қатыстырылады. Олар, 14 арнайы жер агрегаттары, 1 дана аэрозолды генераторы, 4 жеңіл ұшақ (дельтоплан), 2 ұшақ және 4 дана арқалайтын моторлы бүріккіштер. Химиялық өңдеу жұмыстарын «ЗапКазФумигация» ЖШС, «Авия компания Дельта-юг» ЖШС, ЖК Ақкөзов, «НАК КазАвия» ЖШС жүргізеді.
      - 2018 жылы зиянды организмдерге (саяқ шегіртке мен күріш зиянкесі жағалық шыбынға) қарсы жергілікті бюджеттен 94,9 млн. теңге қаралып, 73 581 га жерге химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
     Ал саяқ шегірткеге қарсы 85,5 млн. теңге қаралды. Бұл қаржы есебінен 68,7 мың гектар жерге химиялық өңдеу жүргізіледі, - дейді аумақтық инспекция басшысы.



25 мамыр 2018 ж. 592 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области