Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЕНДІ НАУҚАСТАР ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ЕСІГІН ТОЗДЫРМАЙДЫ

ЕНДІ НАУҚАСТАР ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ЕСІГІН ТОЗДЫРМАЙДЫ

Елімізде дәрігерлердің ауруларды қабылдау бөмесіндегі жұмыс қағидасы өзгереді. Енді науқастар мамандардың кеңселеріне бармайды, дәрігерлер оларға келетін болады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов үкіметтік емес сектордың өкілдерімен кездесуінде мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Елжан Біртановтың айтуынша, көбінесе адамдар ауруларды қабылдау бөлмесіндегі жұмысқа шағымданады, себебі ондағы жұмыстар дәрігерге бағытталған.
  «Әрбір дәрігердің өз кабинеті бар. Ал науқастар дәлізде тұрады, болмаса орындықтарда күтіп отырады. Бірінші оған кіру керек, содан соң басқа дәрігерге, сонан соң анализ тапсырады. Бұл қағиданы өзгертуді бастап кеттік. Енді науқас бір орында отырады, ал оған бәрі келіп анализ алады, кардиограммаға түсіреді, ем-дом жасайды», - деді минстр.
Ол науқастарға көмек көрсетудің мұндай қағидасы биылғы жылы енгізілетінін атап өтті. Қазіргі таңда барлық қабылдаушы бқлімшелердің меңгерушілері оқытылп жатыр.
  «Өлім-жітімді төмендету мақсатында жасап жатқан жұмыстардың нәтижесін жақын арада нақты бағалайтын боламыз», - деді Елжан Біртанов.

Baq.kz

27 мамыр 2018 ж. 544 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области