Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ТЕМЕКІДЕН БАС ТАРТУ – ДЕНСАУЛЫҚҚА ЖОЛ ТАРТУ

ТЕМЕКІДЕН БАС ТАРТУ – ДЕНСАУЛЫҚҚА ЖОЛ ТАРТУ

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы негізінде атқарылып жатқан істер толассыз жалғасын табуда. «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалының «Тұрмағамбет» бастауыш партия ұйымына қарасты «Т.Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебі» топтық ұйымында Облыстық жастар денсаулық орталығының бастамасымен «Темекіден бас тарту – денсаулыққа жол тарту» тақырыбында дебат сайысы өткізілді.
  Салауаттылық шарасына Облыстық жастар денсаулық орталығының дәрігері Ұ.Тұрмағамбетова және медбике А.Жеткергенова және мектеп мұғалімдері қатысты.
  Қатысушы оқушылар сұрақтар қойып, жастар арасындағы ересектерге еліктеушілікті жою қажеттілігі сөз етілді.
  Оқушылар пікіріне облыстық жастар денсаулық орталығының дәрігері Ұ.Тұрмағамбетова пікір қосып, дәрігерлік кеңес берді. Тәрбиелік шараны мектеп директоры З.Тасымова қорытындылады. Шара соңында 9 сынып оқушыларының флешмоб биімен көпшілік көңілінен шықты. Салауатты өмір салты жарқын болашақ деген ұғыммен оқушылар тәрбиелік мазмұнды ой жинақтады.
28 мамыр 2018 ж. 433 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области