КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУ – ЖОЛДАУ ТАЛАБЫ

- Былтыр 39 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылды. Оның ішінде 14 кооператив 20 өзіндік қосалқы шаруашылықтардың бірігуі арқылы құрылған. «Ақжарма Инвест» және «Ақжарма Ынтымақ» өндірістік кооперативтері «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы мүйізді ірі қара малының сүтті тұқымдарын көбейту бағытында 152,8 млн теңге қаржыға 1074 бас мүйізді ірі қара мал алынып, бағылуда. Сонымен қатар, «Ақжарма Инвест» кооперативі «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-нан 27 млн теңге несие алып, мал сою алаңын, ет өнімдерін өңдеу және сүт қабылдау пунктін ашу үшін құрал-жабдықтар сатып алынуда. «Ақжарма Ынтымақ» өндірістік кооперативі ет өнімдерін тасымалдау үшін рефрижератор көлігін алуға 7 млн теңге несие алды, - дейді Сырдария ауданың әкімі Ғанибек Қазантаев.
Ауданда ауылшаруашылық саласы бизнестің іргетасына айналған. Осы салада бағын сынап, айналысушылар қатары мол. Өйткені нарықтың талабы осы. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан бастамалар мен ұсыныстар кәсіп игеремін деген жанды қолдауға бағытталған.