Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БЕС ЖЫЛДА БІЛІМ САПАСЫ ЖАҚСАРДЫ

БЕС ЖЫЛДА БІЛІМ САПАСЫ ЖАҚСАРДЫ

Елбасының бағдарламалық мақаласында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында облыста тындырымды істер атқарылды. Жемісті жобалардың жүзеге асуы барлық салаға тың серпін әкелді. Астанадағы облыс әкімі Қ.Көшербаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстарға арналған брифингін тікелей эфирден тамашаладық. Онда саяси құжат аясында аймақта атқарылған бірқатар жұмыстар БАҚ өкілдеріне егжей-тегжейлі баяндалды.
  Баспасөз мәслихатында аймақ басшысы соңғы жылдары Сыр елінде білім саласы қарқынды дамығанын ерекше атап өтті. Расында облыста жастардың білім алуына барлық жағдай жасалып келеді. Тіпті шет елдерде білім аламын деушілерге де қолдау бар. Қазірдің өзінде 452 түлек келісімге сәйкес, Ресей Федерациясы Үкіметінің бюджеті есебінен Мәскеу мен Санкт-Петербургтің беделді инженерлік жоғары оқу орындарында оқып жатыр.
  Солардың ішінде 78 түлек биыл елге оралады. Сапалы маман иелерінің болашақта ел экономикасының ілгерілеуіне атсалысары сөзсіз. Аймақ басшысы тағы да М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті «Киберқауіпсіздік» және «Процестерді математикалық модельдеу» мамандықтары бойынша Сыр жастарына 20 грант бөлетінін де айтты. Сонымен қатар, Татарстан Президентімен жыл сайын 20 адамды ақпараттық және цифрлық технологиялар бойынша Иннополис университетінде оқыту туралы келісім жасалғанын да мәлімдеді. Осындай игі бастамалар аймақ жастарының сапалы білім алуына жол ашады.
Жыл сайын облыс әкімінің грантымен аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан 100-ге жуық дарынды ауыл баласын сұранысқа сай мамандықтар бойынша еліміздің жетекші жоғары оқу орындарына жіберілуде. Бүгінге дейін осындай гранттарға 700-ге жуық талапкер қол жеткізді. Биыл тағы бұл бастама жалғасын тауып, 150-ден астам баланы оқыту жоспарлануда.
Облыста аталған саланың ілгерілеуіне өз ықпалын тигізетін тағы бір жоба жүзеге асады деп жоспарлануда. Сол жағалауда салынып жатқан екінші қалада облыстық физика-математика мектеп-интернатының құрылысы қаланады. Білім ошағы 400 орынға лайықталған. Мұнда Сыр топырағынан түлеп ұшқан атақты математик, академик Асқар Жұмаділдаевтың ізбасарлары білімін жетілдіріп, аймақ абыройын асқақтатары сөзсіз.
   Жоғарыда айтып өткен қолдаулардың нәтижесі де жоқ емес. Былтыр мектеп бітірген облыс түлектерінің 97 пайызы жоғары оқу орындары мен колледждерге оқуға түскен. Біз соңғы 5 жылда аймақта тек білім саласы ғана емес, барлық сала бойынша атқарылған жұмыстардың өз нәтижесін бергенін мақтанышпен айтамыз. Дәл осы қарқын алдағы уақыттары да жалғасын тапса, Сыр елінің биік белестерді бағындырары сөзсіз.

Ардақ ҚАЙРАҚБАЕВ,
Жалағаш ауданы
№124 орта мектеп мұғалімі

28 мамыр 2018 ж. 555 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области