Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖАҢА ОҚУЛЫҚТАР ЖАҢАЛЫҚТЫҢ ЖАРШЫСЫ

ЖАҢА ОҚУЛЫҚТАР ЖАҢАЛЫҚТЫҢ ЖАРШЫСЫ


           Қазақ тілін латын әліпбиіне ауысу туралы шешімге келген шақтан бастап, оқулық аудару мәселесі бірінші орынға қойылған еді. Міне, аз уақыттың ішінде Елбасы Н.Назарбаевтың «Жаңа гуманистік білім: қазақ тілінде 100 жаңа оқу құралы» жобасы аясында аударылған алғашқы 18 кітап пен оқулық көпшілік назарына ұсынылды.
           Бұл кітаптар әлеуметтану, психология, лингвистика, экономика, кәсіпкерлік, дінтану, антропология, журналистика және басқа салалардағы кең ауқымды ғылыми білімді қамтитын оқу құралы болмақ. Сондай–ақ, ғылыми аударма шеңберінде терминология, сөзжасам, стиль және аударма сапасын анықтайтын басқа да аспектілер мен қағидалар айшықталған.
           Алғашқы 18 оқу құралының глоссарийлері негізінде үш мыңнан астам ғылыми терминдер мен тұжырымдар анықталған көрінеді.
           10 000 дана таралыммен шығып, бір айдың ішінде тегін жөнелтілу жоспарланып отырған кітаптар аз уақытта қолымызға тигелі отыр. Бұл біз үшін зор қуаныш. Осындай қарқынмен алдағы күндері де оқулық саны еселене түссе нұр үстіне нұр болар еді.
           Мейрамкүл СӘРСЕНБАЕВА,
           Арал ауданы
           № 231 орта мектептің мұғалімі
30 мамыр 2018 ж. 659 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области