Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 2019 ЖЫЛЫ ӨТКІЗІЛЕТІН ХАЛЫҚ САНАҒЫ ЖҰМЫСТАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ ТУРАЛЫ

2019 ЖЫЛЫ ӨТКІЗІЛЕТІН ХАЛЫҚ САНАҒЫ ЖҰМЫСТАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ ТУРАЛЫ


        Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік статистика» Заңына сәйкес, халық санағын өткізу уақыты кезекті әлемдік раундпен, мемлекетаралық ұсыныстар есебімен сәйкестендіру мақсатында, елімізде 1999 және 2009 жылдары өткен халық санағының тәжірибесіне сүйене отырып, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілік Басшысы А.Жақсыбековтің 2017 жылдың 22 қыркүйегіндегі №17-61-44.120-1 тапсырмасына сәйкес халық санағын өткізу уақыты – 2019 жылдың қараша айы болып белгіленді.
Өткен санақ 2009 жылы жүргізілді. Осы 10 жыл аралығында республиканың, облыстың әлеуметтік-демографиялық жағдайы өзгерді.
Халық санағы-мемлекеттік дәрежеге ие, халықтың саны мен құрамы жөніндегі мәліметтердің негізгі көзі. Сонымен бірге көптеген сұрақтарға жауап беретін саяси іс-шара.
       Санақ нәтижелері бойынша алынған деректер демографиялық үрдістерді өлшеуге, салыстыруға, талдауға және интенсивтілігі мен ағымдарын болжауға мүмкіндік береді. Санақ барысында алынған халықтың саны және жыныс-жас құрамы туралы деректер барлық деңгейдегі бюджетті барынша объективті қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады.
       2018 жылдың сәуір айында Ақмола облысының Бурабай ауданы мен Шығыс Қазақстан облысындағы Аягөз аудандарында пилоттық халық санағы өткізілді. Осы санақтың нәтижесімен бағдарлама мен 2019 жылғы санақтың ұйымдастырушылық-әдістемелік ережесіне тиісті түзетулер енгізілетін болады.
       2019 жылғы халық санағы алдыңғы өткізілген халық санағынан айырмашылығы ақпараттық технологияны қолдана отырып, басым көпшілігінде дәстүрлі әдіспен 30%-ы ғаламтор желісі арқылы және 70%-ы қолайлы-есептеуіш құрылғы (планшетті компьютер) арқылы өткізілуінде болып отыр.
       Санақ жұмыстарына жалпы 1326 адам уақытша жұмысқа тартылады, оның ішінде 170 нұсқаушы-бақылаушылар, 1127 сұқбатшылар. Облыстық санақ бөліміне 1 шілдеден бастап 2 жыл мерзімге 4 адам, аудандарға 2019 жылдың 1сәуірінен бастап 8 айға 2-3 адамнан жұмысқа алынатын болады.
       Қызылорда облысы әкімінің төрағалығымен осы жылдың 28 мамырында өткен аппарат мәжілісінің күн тәртібінде Халық санағы жайлы қаралып, онда қала, аудан әкімдері мен тиісті мекемелерге Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 19 қаңтардағы №6-р өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылға арналған жұмыс жоспарының 15 тармағын басшылыққа ала отырып, барлық елді мекендердегі әкімшілік-аумақтық бірліктердің тізімі мен шекараларын нақтылау, көше атауларын реттеу, квартал, үй және пәтерлерді нөмірлеу жұмыстары тапсырылды.
       Қазіргі таңда алдағы өтетін Ұлттық халық санағына дайындық жұмыстары жүргізілуде.
       2019 жылғы санақ үлкен дайындықты және ұйымдастырушылық жұмыстарды қажет етеді.
30 мамыр 2018 ж. 1 331 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области