Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ШИЕЛІ АУДАНЫНДА «БАНК ЦЕНТР КРЕДИТ» АҚ-НЫҢ АЛҒАШҚЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

ШИЕЛІ АУДАНЫНДА «БАНК ЦЕНТР КРЕДИТ» АҚ-НЫҢ АЛҒАШҚЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Шиелі ауданының 90 жылдық мерекесіне орай «Банк Центр Кредит» АҚ-ның қызмет көрсету орталығы ашылды.
   Салтанатты шараға аудан әкімі Әшім Оразбекұлы қатысып, жаңа нысанның жұмысына сәттілік тіледі. Шара барысында акционерлік қоғамның басқарушы директоры, басқарма мүшесі Тимур Ишмуратов, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ, Қызылорда облыстық филиалының директоры Алмас Тастанов та құттықтау сөз сөйлеп, қызмет көрсету орталығының халық игілігіне жарайтынына сенім білдірді.
   Айта кетейік, «Банк Центр Кредит» АҚ 1988 жылы 19 қыркүйекте құрылып, Қазақстанның ең алғашқы коммерциялық банктерінің біріне айналды. Аталған банктің республика бойынша кең тараған өзіндік филиалдық желісі бар. Сондай-ақ, 100-ден астам банк филиалдары мен бөлімшелерінде заңды және жеке тұлғаларға жоғарғы дəрежеде қызмет көрсетеді.
30 мамыр 2018 ж. 917 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области