Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТТІ

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТТІ


       1 маусым – балалар күніне орай және ішкі істер органдарының ақпараттық қызметінің құрылғанына 100 жыл толуына байланысты, сонымен қатар мұсылмандардың қасиетті айы – Рамазан айында ақпараттық-аналитикалық орталығының қызметкерлері 11 бала тәрбиелеп отырған көп балалы отбасыға көмек қолын созып, қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етілуіне бастамашы болды.
       Бұл отбасы әлеуметтік қолдауға мұқтаж болғанымен, балалары жан-жақты, оқу үлгерімдері де қуантарлық. Мәселен, балалардың үлкені Астана қаласындағы Аграрлық университеттің 5-курсында оқыса, кейінгі балалары мектептегі оқуларымен қатар, спорттық, шығармашылық қызығушылықтарын қатар алып жүреді. Дәлел ретінде, каратэден жарыстарға қатысып, қалааралық, облыстық жарыстарда жүлделі орындарды иеленіп жүрген ұлын айтуға болады. Ал, тағы бір қызы алғырлығының, білімділігінің нәтижесінде үздік оқушы атанып, «Үздіктер шеруіне» де қатысқан.
       Полиция қызметкерлері аталған отбасының жағдайымен танысып, балалардың болашақта үлкен жетістіктерге жететіндігіне сенім білдіріп, өздерінің ағалық ақыл-кеңестерін айтты.
       Бұл полиция қызметкерлері тарапынан ұйымдастырылып отырған қайырымдылық шаралардың біріншісі де, соңы да емес, себебі қоғамдық тәртіп пен ел тыныштығы күзетінде жүрген сақшылар аталған шараларға белсенді қатысып, өздерінің азаматтық борыштарын өтеуді жалғастыра бермек.
        Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі


31 мамыр 2018 ж. 539 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области