Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖАН ЖЫЛУЫН СЫЙЛАҒАН АКЦИЯ

ЖАН ЖЫЛУЫН СЫЙЛАҒАН АКЦИЯ


    Бүгін Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейде республикалық «Қамқорлық» акциясы аясында қайырымдылық шарасы өтті.  Аз қамтылған отбасы балаларына қолдау танытқан шараны «Жомарт» қоғамдық қоры мен қалалық білім бөлімі, мектеп-лицей ұжымы бірлесе ұйымдастырып отыр.
    Шара аясында өткен «Әдемі шаш» акциясында «Ару» шаштаразының мамандары әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балаларына түрлі шаш үлгісін жасап берді. Ботакөз Омарханова, Әсем Байжігітова мен Айдана Асанханқызының бұл қызметіне балалар дән риза болды.  
    - Біз «Жомарт» қайырымдылық үйінің» бастамасын қолдап, жақсы іске өз үлесімізді қосып жатырмыз.  Жыл сайын 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтетін шара біздің елімізде тұрмысы төмен отбасыдан шыққан оқушылар мен жетім балалардың қайырымдылықтан қағажу қалмайтындығын көрсетеді,– дейді «Ару» салонының жетекшісі Анар Ержанова.  
    Сонымен қатар, осы күні мектеп-лицейде психологиялық тренинг ұйымдастырылды. Әлеуметтік педагог Гүлзада Нұрмағамбетова мен психолог Назгүл Сұлтанғалиева өткізген тренингте балалардың қатысуымен түрлі ойындар ойнатылды.
    Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нейла Дүйсебекованың айтуынша білім ошағында 2533 бала оқып жатса, соның 328-і әлеуметтік жағынан қолдауды қажет етеді.  
    - Біздің мектеп ұжымы да «Қамқорлық» аясындағы шаралардан қалыс қалған емес.  Тұрмысы төмен отбасы балалары ұдайы қамқорлығымызда. Сонымен қатар, осы акция аясында оқушыларымыз Қарттар үйінде болып,  өнерлерін көрсетеді. Өздері жасаған бұйымдарын ұсынып, қамкөңіл қарттарды қуантады, - дейді Нейла Дүйсебекова.
     «Жомарт» қайырымдылық үйінің» жетекшісі Майя Наримованың айтуынша акцияны қолдап жатқандар көп. Олардың арасында бюджеттік мекеме қызметкерлері, кәсіпкерлер, мұнай компаниялары, ҮЕҰ өкілдері, еріктілер бар.
    - Көпшілігі акцияға қаржылай үлес қосып жатыр. Азық-түлік пен киім-кешек әкелген азаматтар да бар. Осының арқасында үш отбасына азық-түліктен көмек көрсетіп, бір отбасына көмір түсіріп бердік. Тағы екі отбасына ақшалай көмек бердік. Мұндай акциялар қаладағы басқа да мектептерде жалғасады, – дейді М.Наримова.



17 қаңтар 2018 ж. 1 145 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области