Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚУАНСА – БАЛА ҚУАНСЫН

ҚУАНСА – БАЛА ҚУАНСЫН

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Тәрбие және білім» бағыты аясында облыста өткен жылдан бері ауқымды шараларөткізіліп келеді. Соның бірі – балалар мен жастардың шығармашылығын қолдау мақсатында Халықаралық балаларды қорғау күнінде ұйымдастырылады.
Айта кетейік, Қызылордада балалар шеруі осымен екінші мәрте өткізілгелі отыр.
Жаймашуақ жаздың беташар күнінде бүкіл әлем балаларды қорғау күнін атап өтеді. Бастауын өткен ғасырдың 50-ші жылдарынан алатын мерекеге Сыр өңірі де жылдағыдай үн қоспақ.
   1 маусымға белгіленген шаралардың ішіндегі ең ауқымдысы – Қызылорда қаласында болатын балалар мен жастар музыкалық ансамбльдерінің шеруі. Шеру осымен екінші мәрте «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» бағыты аясында балалар мен жастардың шығармашылығын қолдау мақсатында ұйымдастырылып отыр.
  Облыстық білім басқармасының мәліметінше, оған 14 мыңға жуық жас тартылады. Қатысушылар үрмелі-соқпалы, шекті, ұлттық аспаптар, хореография, балалар хорлары сияқты бағыттар бойынша өнерлерін паш етеді. Шеру «Достық үйінен» басталып, орталық алаңда қорытындыланады.
   Айта кетейік, халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында ел аумағында «Нұрлы болашақ» ұранымен «Бала еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн» ұлттық ақпараттық науқаны өтіп жатыр. Акцияны ұйымдастырудағы мақсат – бала мүддесі жолында мемлекеттік құрылымдар, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдар, бизнес орталықтары мен ақпарат құралдарының күшін біріктіру, осы бағыттағы мәселелерге қоғам назарын бұру. Бұл шара 15 маусымға дейін жалғасады.
   Мұнан бөлек, мереке аймақтағы мәдениет және өнер мекемелерінде аталып өтпек. Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының мәліметінше, ертең Қызылорда қаласындағы Өнер арбатында «Бала – бақыт бақшасы» атты мерекелік шара, балалар арасында «Алғашқы астанам – сүйікті Қызылордам» атты сурет салу байқауы болады.
   Бүлдіршіндер осы күні үш ауысыммен Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрынан «Құмырсқалар, қиыспас дос, құдалар» балалар қойылымының премьерасын тамашалай алады. Бұған қоса, облыстық тарихи-өлкетану музейінің есігі таңертеңнен кешке дейін балалар үшін ашық болады. Онда Сыр өңірінің арғы-бергі тарихына қатысты деректер мен жәдігерлерді қызықтауға мүмкіндік бар.
  Сонымен бірге қаладағы «Ақмешіт» музейі, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен облыстық филармония ұжымдары да кішкентай көрерменге арнап есте қаларлық шаралар ұйымдастырып жатыр.
  Ел ертеңі – жас ұрпақтың заман талабына сай өсіп-жетілуі үшін аймақта ауқымды жұмыс атқарылып келеді. Биыл барлық оқушының 96,9%-ін жазғы тынығу түрлеріне тарту жоспарланды.
  Орайлы тұста айта кетейік, Қызылорда облысы мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы мерзімінен бұрын орындалған аймақ. Нақты кезеңде 3 пен 6 жас аралығындағы бүлдіршіндер балабақшамен толық қамтылды. Бұл – біздің алабөтен жетістігіміз.



31 мамыр 2018 ж. 644 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области