Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖАС КӘСІПКЕР БАЛЫҚ ЫСТАУ ЦЕХЫН АШТЫ

ЖАС КӘСІПКЕР БАЛЫҚ ЫСТАУ ЦЕХЫН АШТЫ


      Тірліктің көзін тапқан адамға балық шаруашылығы–берекесі мол кәсіп түрі. Бір балықтың өзінен алуан түрлі өнім алуға болады. Бүгінде Арал айдынынан ауланған балық түрлері шетелде жоғары сұранысқа ие. Бұл өз кезегінде балықтан несібе тапқан халықтың берекелі тірлігін келтіруде. Сондай-ақ, балықтың ысталған түрі де, әсіресе, Аралдың ысталған балығы жасалу техникасының ерекшелігімен көптің көңілінен шығып жүр. Осыны аңғарған Бекбауыл ауылының тұрғыны ысталған балық өнімдерін шығаратын цех ашты.
     –Бұл кәсіпті бастамас бұрын Байқоңыр қаласында сұранысқа сәйкес ысталған балық өнімдерін өңдеп, сатып жүрдім. Аталған кәсібім маған мол табыс әкеле бастады. Сонан соң, мұны одан әрі дамыту керек екендігін түсініп жоба жасап, «Атамекен» кәсіпкерлерді қолдау орталығына ұсындым. Сәтін салып жобам қолдау тауып, «Даму» қоры арқылы грантқа ие болдым, – деп Жеңісбек әңгімесін бастады.
     Жеңісбек Қонысбаевтың аталған жобасы 1 миллион 100 мың теңге қайтарымсыз грант ұтып алды. Соның арқасында ол ойға алған цех жұмысын жолға қойды. Алдымен, ыстауға қажетті испан технологиясы негізіндегі құрылғы мен мұздатқыш сатып алды. Ал, қажетті балық өнімін ауыл балықшыларынан алып отырды. Осылайша, Жеңісбектің кәсібі қарқын алып, жандана бастады.
     –Негізінен, ысталған балықты Арал мен Қазалының кәсіпкерлері көптеп сатып алады. Өйткені, өнім ауданда сұранысқа ие. Бұдан бөлек, сырттан келетін қонақтарға да таптырмас базарлық. Балық бағасы 1000 теңгеден басталады. Бір айда шамамен 150-ден астам балық саудаға салынады,–дейді жас кәсіпкер.
     Мектепте бағдарламашы болып жұмыс істейтін Жеңісбек цехқа 1 жұмысшы қабылдаған. Алдағы уақытта жұмысын одан әрі дамытуды жоспарлап отыр. Балық өнімдерінің түрлерін молайтып, фаршталған, консервіленген түрлерін шығаруды ойға алған.
     –Бізді мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге осындай қолдау көрсетіліп отырғандығы қуантады. Бір ғана мен емес, қаншама кәсіпкер өздерінің тың жобаларын жүзеге асыруға мол мүмкіндік алды, – деген жас кәсіпкер Жеңісбек, кәсіпкерлікті қолдау бағытында жеңілдіктер жасаудың тиімді тұстарын атап өтті.
     Шынымен де, Арал айдыны балықтың қорына бай. Осы байлығымыздан түрлі өнімдер өндіріп, нарыққа шығару–кәсіптің түрін дамытып қана қоймай, жаңа белестерге жол ашады.
     Назерке МАРАТҚЫЗЫ.
31 мамыр 2018 ж. 922 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области