ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ТЕОЛОГИЯНЫҢ БАТЫСТЫҚ МОДЕЛІ
«Кім бір ғана дінді біледі, сол ешқандайда дінді білмейді». Бұл салыстырмалы дінтанудын негізін салушы Макс Мюллердің сөзі.
«Құдайтану баяны» кітабында үш ибрахимдік діндерге кең көңіл бөлініп, жалпы адамзат тарихындағы құдай образына талдау жүргізілген. Алғашқы адамдар алдында ең бірінші сұрақ ол «мен кіммін?» деген сұрақ еді. Осы сұраққа жауап іздеу барысында екінші сұрақ пайда болды, «мен қайдан болдым?» деген сауал еді. Міне, осы ретте алғашқы адамдар «Құдай» деген ұғымға келді. Көптеген дінтанушылар және теологтар дінді зерттеуде бірінші ретте Құдай образына тоқтайды.
Автор оқулығында 4000 жылдық тарихы бар алғашқы монотейістік дін Иудаизмнің, дүниенің пайда болуы концепциясын қарастырады. Ибрахимдік алғашқы дін Иудаизм болып табылатындықтан, осы діннің жоғарғы, кейіннен жалғыз құдайы Яхвеге алғаш көңіл бөлінеді.
Креоцинизмдік дүниетаным бойынша дүниені жаратушы ол Яхве, ол осы әлемдегі барлық тіршілік иесін жаратушы болып табылады. Уақыт өте 2 000 жылдық тарихы бар Христиан дініңдегі құдай образына тоқталады. Шығыс синкретті дініндегі жалғыз құдай уақыт келеді үштікке алмасуы, және сол үштіктің қалай бірқұдайлық дін болуын автор өз еңбегінде қарастырады.
Палестина жерінде римдіктердің жаулап алуынан кейін Иудаизмге оппозиция ретінде қалыптасқан ағым. Уақыт келе бүкіл өз заманыңдағы алып империяның тоқсан пайыз халқы ұстанатын дінге айналды. Осы орайда, оның батыстық философияға бейімдеу басталған еді. Оны бастаған шіркеу әкейлері Иса Мәсіхті көне грек-римдүниетанымымен ұштастырып, батыс халықтарының мойындауына әкеледі. Көне грек мифологиясындағы құтқарушы, құдай баласы деген эпитеттер енді Иса Мәсіхке қатысты пайдаланады.
Әлемдік діндердің ең жасы 1 400 жылдық тарихы бар ислам дініндегі Аллахқа толталатын болсақ, автор ортақ семиттік түсініктегі жалғыз құдайға алып келуші дін ретінде көрсетеді. Себебі, ислам дініңде Аллахтан басқа құдайларға табыну ол – ширк. Алахтан басқа құдайлар саған ешқандай көмек көрсете алмайды және оларға өз өмірлерін қиюдын қажетсіз екендігі. Екінші мәселе ол:
«Аллах – жалғыз», «Ол ешкімді тумады, және ешкімнен туылмады, және онымен ешкім тең емес». Осы мәселе төңірегінде Ислам өзіне дейінгі діндердегі мәселелерге басқаша қарайды. Иудаизммен исламдағы жалғыз құтқарушы ол Құдай екендігі оларға ортақ идея. Дүниені жаратушы тек Құдай, және адамдарды құтқаратын да – Құдай. Осы төңіректе ислам дінінің негізгі бағанасы Шахада қалыптасады.
Аталған діндердегі монотеиістік немесе илляхи Құдай көптеген диспуттармен талдауларға тақырып болып келед. Автор өз еңбегін компаративистикалық әдіспен талдау жүргізе отырып, оның дүниенің бастаушысы ма, дүниенің бастаушысы ретінде жақсылықпен зұлымдылықтыңда жаратушысы ма деген сұрақтарға жауап беруге тырысады. Бұл сұрақтар сенуші қауымдар арасында теологтармен ғалымдар арасында түрлі пікірлерді қалыптастыруға себеп болған, және сол себептер негізінде қауымдар қарсылас тараптарға бөлінуге септік болған.
Талдау барысында Карен Армстронг ибрахимдік емес діндердегі табиғаттан тыс абсолюттерді қарастыру арқылы, илляхи діндердегі құдай образын қтастыруға көне көпқұдайылықтың ықпалын көрсетеді. Себебі, аталған үш дінде де политеизмнің архайкалық көріністері бар.
Үлкен көңіл бөлетін жәйт, бұл оқулық діни оқулық емес ол дінтанулық оқулық. Осы тұрғыда автор канондық қолжазбалармен қатар дінтану, теология, дін тарихы мен дін әлеуметтануы және феноменологиясы, этнографиялық деректерді пайдалану арқылы зерттеуін күрделі, терең денгейде жүргізгендігін байқаймыз.
Автор еңбегінде қазіргі замандағы исламафобияға қатысты жақсы пікір білдіреді. Ол ислам өзіне дейінгі діндерге қарағанда тағаттылығында дейді. Ислам өздерін өзгелерден ерекшеміз деп қабылдамаған, себебі Мұхаммед пайғамбар оларды өз дінін қабылдауды мәжбүрлемеген, олар оның пайымдауынша өздеріне тиесілі аяндарды Құдайдан алған. Қазіргі таңдағы төзімсіздік автор, мұсылмандар Алалхты басқалардан жоғары қою үшін емес, керісінше мұсылман адамдардың жалпы әділетсіздікке төзімсіз болуының себебінен дейді. Мұнда әділетсіздікті кім жасағаны маңызды емес, мұсылман адамба әлде мұсылман емеспа, оларға әділетсіздік жалпы имандылыққа жат құбылыс ретінде қарайды деп айтқан батыстық ғалымдардың алғашқысы еді.
Біздің елде бұл оқулықтың қазақ тіліне аударылуы қазіргі Қазақстанның геосаяси коньюктурасында өте уақытылы шешімдеп санаймын. Себебі біздің еліміз әлемде қазіргі таңда этносаясат және конфессияаралық диалогтардын бірден бірі аланы. Еліміздің ішкі саясаты және сыртқы саясатында жалпы адами құндылықтарды дәріптеу Елбасының назарына ешқашанда қалыс қалмаған. Әлемдегі түрлі діни қақтығыстардың септігі ретінде халықтың арасында гуманизм идеясының азаюын айтуға болады. Осы тұрғыда аталмыш еңбек ол тек білім алушы жастарға емес, жалпы қазақ халқына он әсерін тигізеді деп ойлаймын.
Әлібек ЖАППАСБАЕВ,
дінтану магистры
Қорқыт ата атыңдағы Қызылорда
Мемлекеттік университетінің
философия және мәдениеттану
кафедрасының оқытушысы