БИЫЛ КИІКТЕРДІҢ САНЫ 62 400 БАСҚА КӨБЕЙДІ
ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет жыл сайын сәуір-мамыр айларында ғылыми қызметкерлермен бірігіп, әуе санақ жүргізетіндерін айтты.
«Экстраполяциялық жұмыстың қорытындысы бойынша жалпы санақтың есебі анықталады. Былтыр киіктердің саны 152 600 болса, биыл 215 100 басты құрады», - деп жазды ол Фейсбуктегі парақшасында.
Әлеуметтік желі қолданушылары бұл ақпаратқа қатысты пікір білдіріп, ойларын жазды. «Киік – киелі жануар. Автордың айтқысы келгені «киікті қыру арқылы көп қиындық көріп жүрмейік» дегені шығар. Түз тағысын аялап, қорғау əр қазақтың азаматтық борышы», - деп жазды Хафиз Искаков есімді әлеуметтік желі қолданушысы.