Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖАҢА ЦЕХ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ

ЖАҢА ЦЕХ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ

Облыс оталығы – Қызылорда қаласында ет өнімдерін өндіретін тағы бір мал бордақылау алаңы іске қосылды. Айта кетейік, жалпы құны 300 миллион теңге тұратын жобаны «Алтайбаев» ЖК өз есебінен жүзеге асырып отыр. Аумағы 3 мың шаршы метрлік кәсіпорында 50 бас мал союға арналған пункт пен 200 бас мал бордақылау алаңы бар.
Бастысы, жеке кәсіпкер мен мемлекеттің бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру аясында ашылған өндіріс орнында 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.
Соңғы жылдары қаланың ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамып келеді. Оның ішінде Елбасының осы салаға жасаған зор қолдауы мен «Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасы аясында мал шаруашылығын өркендетуде өрелі істер мен тың жобалар жүзеге асырылуда.
Мысалы, соңғы екі жылдың өзінде өңірде мал шаруашылығын дамытуға тартылған қаржы көлемі 700 млн теңгеге жетті. Ауқымды жұмыстардың арқасында мал саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 50 мың басқа артқан. Оның ішінде мүйізді ірі қара 114, жылқы 107, түйе 102, уақ мал 109 процентке артып отыр.
Қызылорда қаласында ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерінің саны 27-ге жетті. Оның ішінде мал бордақылаумен айналысатындары – 18. Осы жұмыстар арқасында ет өндіру 110 процентке жеткен.
2017-2018 жылдары ауыл шарушылығы өндірістік кооперативтері «Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамның облыстық филиалы арқылы 495 млн 800 мың теңгеге ет және сүт бағытындағы мүйізді ірі қара малын сатып алып, қазіргі таңда қала халқына қолжетімді бағада өз өнімдерін ұсынып келеді.
13 маусым 2018 ж. 662 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области