Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «BALAPAN» АРНАСЫ АНИМАЦИЯЛЫҚ КҮЙ ДӘСТҮРІН ЖАЛҒАСТЫРМАҚ

«BALAPAN» АРНАСЫ АНИМАЦИЯЛЫҚ КҮЙ ДӘСТҮРІН ЖАЛҒАСТЫРМАҚ

ҚР Ақпарат және коммуниациялар министрі Дәурен Абаев «Balapan» арнасындағы «Қоңыр қаз» жобасын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Министр Фейсбуктегі парақшасында анимациялық туындының видеосымен бөлісті.
«Қазақстан» РТРК «Balapan» телеарнасы «Қоңыр қаз» жобасын назарларыңызға ұсынады. Жоба арқылы қазақ мультипликациясының атасы Әмен Қайдаровтың «Ақсақ құланымен» басталған анимациялық күй дәстүрін қайта жалғамақшымыз. Жоба аясында Құрманғазы, Дәулеткерей, Қазанғап, Дина, Сүгір, Ықылас сияқты дәулескер күйшілеріміздің классикалық туындылары анимацияланады», - деп жазады Д.Абаев.
«Қоңыр қаз» топтамасы 2D жанрда, еліміздің белгілі мамандарының қатысуымен жүзеге асқан.
«Әр бөлімге мәдениеттанушы Зира Наурызбаева арнайы сценарий әзірлеген. Жобаның қоюшы режиссері - Дильшат Рахматуллин. Басты мақсат - Ұлы дала мұрасын ұрпақ санасына сіңіру», - деп жазады министр.

14 маусым 2018 ж. 595 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области