Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҰЛТТЫҚ КОДЫМЫЗДЫ ДӘРІПТЕЙ БІЛЕЙІК!

ҰЛТТЫҚ КОДЫМЫЗДЫ ДӘРІПТЕЙ БІЛЕЙІК!

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында: «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды», - деген болатын.
Ел болып қалам десек алдымен ұлттық кодыңды сақтау білуіміз керек. Қазіргі кезде түбірінен ажырап қалған көптеген халықтар, қураған қаңбақ секілді қаңғалақтап, көрші елдің ықпалынан шыға алмай айдаған жағына қарай көше беретін өзіндік салмағы жоқ, табан тірейтін ұлттық тірегі жоқ бейшара кейіпте күй кешіп жатады. Соның салдарынан қаншама ұлт өмір сүруін тоқтатты, бұл жағдай әлсіз ұлттар мен ұлыстар үшін әлі де жалғаса беретін болады.
Ұлттық кодынан ажырау – трагедияға жатады, оны халық ретінде жойылу алдында тұрған этностың айықпас соры, меңдеп алған дерті деуге болады. Тамырынан айырылу өз мәдениеті мен дәстүрін ұмыту кез-келген халықтың өзегіне түскен құртпен тең.
Алдымен сананы жаулаған экспансия кейін келе сол елдің күллі сакральді құндылықтарын қиратумен болады. Келешек ұрпақ өз мәдениетіне салқын қарайды әрі ондай ұрпақ өзінің ана тілінен жұрдай болуды кемшілік деп санамайды. Керісінше, өздерін құлдыққа түсірген елдің тілін еркін меңгергенін, өз тілін ұмытқанын мәртебе санайды. Ондай бейшара күйге түскен топтар біздің ішімізде де жетерлік. Тек қана орысша сөйлеп, орысша ойлайтын мәңгүрттенген ұрпағымыз қазақ халқының болмысынан бейхабар күйде өмір сүріп келеді. Ондай ұрпақ еш уақытта да қазақ халқының ұлт болып ұйысуы жолында жанын салып еңбек етпейді, қазақы минталитеттің болмысын, өз жұртының мәдениеті мен әдебиетін білмейтіндіктен олар өздері тәрбиеленген жат жұрттың мәдениетін әрқашан да өз халқынан жоғары қойып қарайтын болады.
Мұндай құлдық санада тәрбиеленген ұрпақ келешекте өз отанын сатуға бейім тұратындығы белгілі. Өз ұлтын құрбандыққа шалған қағынан жеріген шіріген жұмыртқалардың опасыздығы туралы оқиғалар бұрынғы кезеңдерде де болған. Соның жарқын үлгісі қырғыздың әйгілі «Манас» жырында кездесетін «көзқамандар» деуге болады.
Қытай мәдениеті ықпалында болып, өз ана тілінен ажырап қалған мәңгүрт қырғыздарды Манас батыр бауырына тартып елге алдырғанмен олар қырғыз болып жарытпайды. Керісінше, Манастың күннен-күнге асқақтап бара жатқан атағын қызғанып оған у беріп өлтірмекке бекиді. Бұл қылықтары әшкере болған сәтте бір-бірін сатуға көшкен көзқамандар өзара қырқысу салдарынан құрып бітеді. Ақиық ақын М.Шахановтың «Отырар» поэмасындағы Отырардың қақпасын Шыңғысқанға ашып берген Қарашоқының кінәсі де нағашыларының қолында тәрбиеленіп, жат жұрттың мәдениетін өз бойына сіңіруі, өз елінің мәдениетінен жұрдай болуы болатын.
Қазақ халқы кеңес өкіметі орнаған тұста көптеген зұлмат кезеңдерді бастан кешті. Ғасырдың басында өмір сүрген сегіз миллион қазақтан айналасы жиырма-отыз жылдың ішінде бар-жоғы екі жарым миллионы ғана қалған еді. Оның өзін ассимилияцияға ұшырату мақсатында ішкі Ресейдегі көптеген халықтарды Қазақстанға қоныстандырды. Барлық мекемелер мен қоғамдық орындар тек қана орыс тілінде жұмыс жүргізді. Қазақ халқының барлығы орыстанды, енді бас көтерер азамат қалмады деген тұста орысы көп қоныстанған аймақтарды Ресейге қоспақшы болды. Енді Қазақстанды бөлшектеуге кірісер тұста қазақтың нар тұлғалы қайраткері, біртуар азамат Ж.Тәшенов Хрущевпен айқасып өз елі мен туған жерін бөлшектеуден аман алып қала білді. Өз елінің амандығы, туған жерінің ұлтарақтай бөлшегі үшін қасық қанын қиюға дайын мұндай ұлы тұлғалар сол ˗ қазақ деген халықтың мақтанышы, ұлттың тірегіне айнала білді. Қазақтың кесек мінезі Ә.Бөкейханов, Б.Момышұлы, Ж.Тәшенов секілді ұлт қайраткерлерінің елі үшін жасаған қызметінен көрініп тұрады.
Қазақ халқының ұлттық коды оның өзіндік мінезі мен болмысында жатыр. Қазақ еш уақытта көршісіне азар бермеген, қонағын құдайындай сыйлаған, сөздің киесінен қорыққан халық. Қыздарын қызғыштай қорғаған, жесірі мен жетімін жылатпаған, үлкендерін төрге отырғызып алдында құрдай жорғалап еңбегін адал атқара білген жұрт. Азға қанағат тұтқан, жоққа сабыр еткен, ата-баба әруағын сыйлап қасиетті жерлерді ат тұяғымен таптамаған ел.
Жаратқан тәңірісіне шүкіршілік етіп кісілік пен тектілікті ұрпағының бойына дарытып отырған, ел ішіндегі дауды екі ауыз сөзбен шешіп соған ырзаласып тарасып отырған ел болдық. Мұның барлығы да қазақтың іргелі ел болғандығын көрсететін ұлттық коды болатын. Келешекте де мұндай жақсы қасиеттерімізді жарқыратып көрсете білуіміз керек, қайда жүрсек те «ҚАЗАҚ» деген атқа ылайықты өмір сүруіміз керек!

Бақыт ӘБЖЕТ,
филология ғылымдарының кандидаты, доцент.
«Рухани жаңғыру»
орталығының жетекші маманы
Қызылорда қаласы



20 маусым 2018 ж. 683 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области