Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БИЫЛ «НҰРЛЫ ЖЕР» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ АЯСЫНДА 12 МЛН ШМ АСТАМ ТҰРҒЫН ҮЙДІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРУ ЖОСПАРЛАНҒАН

БИЫЛ «НҰРЛЫ ЖЕР» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ АЯСЫНДА 12 МЛН ШМ АСТАМ ТҰРҒЫН ҮЙДІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРУ ЖОСПАРЛАНҒАН


ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру мәселесі қаралды, оның қорытындысы бойынша бағдарламаны мемлекеттік статусымен қайта бекіту туралы қаулы жобасы қабылданды, деп хабарлайды primeminister.kz.
Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Роман Скляр өз баяндамасында атап өткендей, мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес «Нұрлы жер» бағдарламасы мемлекеттік статусына қайта бекітіледі.
«Жобада Мемлекет басшысының Қазақстан халқына «Бес әлеуметтік бастама» үндеуін іске асыруға арналған нормалар қарастырылған. 2019 жылдан бастап, жыл сайынғы сатып алу мүмкіндігінсіз жалға берілетін тұрғын үйдің құрылысына қаржыландыруды 10 млрд теңгеге дейін арттыру ұсынылады. Бұл әлеуметтік тұрғын үймен жыл сайын шамамен тағы 1 мың азаматты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — деді Р. Скляр.
Құрылыстың көлемін арттыру үшін құрылыс алаңдарын инженерлік желілермен қамтамасыз етуге қаржыландыруды 20 млрд теңгеге арттыру көзделген. Сондай-ақ, мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындар үшін өз қызметкерлерін қолдау бойынша нормалар қарастырылған. Бірінші вице-министрдің айтуынша, осындай ұйымдар өз қызметкерлеріне тұрғын үй қарыздарын бастапқы жарна ретінде бере алатын болады. Бұл мұғалімдер, дәрігерлер және мемлекеттік қызметкерлер үшін тұрғын үй проблемаларын шешу үшін үлкен көмек болады.
«Енгізіліп жатқан өзгерістер аясында жеке құрылыс салушылардың бағдарламаға белсенді қатысуы үшін әкімдіктерге салынған нысандарды сатып алу құқығы беріледі. Несиелік үйлерді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларымен қатар, Екінші деңгейдегі банктердің салымшыларына да өткізу көзделген. Бұл талаптар әкімдіктер салып жатқан үйлердің қолжетімді бағалық параметрлеріне байланысты «7-20-25» ипотекалық бағдарламасының дамуына үлкен серпін береді», — деді Р. Скляр.
Жалпы, қабылданған нормалар тұрғын үй құрылысының қарқынын 8%-ға немесе жылына 8 мыңнан астам баспананы пайдалануға беру көрсеткішінің өсімін қамтамасыз етеді және 2030 жылға қарай бір адамға шаққандағы тұрғын үймен қамтамасыз етілуі көрсеткішін 30 шаршы метрге дейін жеткізуге мүмкіндік береді.
Инвестициялар және даму министрлігінің деректеріне сәйкес, осы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша елімізде 4,6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2,7%-ға артық.
«40,3 мыңнан аса отбасы, оның ішінде 2 мыңға жуық отбасы мемлекет қаражаты есебінен өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартты. Осы салаға жұмсалған инвестициялар өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29,9%-ға артып, 391 млрд астам теңгені құрады», — деп мәлімдеді ҚР ИДМ бірінші вице-министрі Роман Скляр.
Оның айтуынша, тұрғын үйдің көп көлемі Астана, Алматы қалаларында және Маңғыстау облысында пайдалануға берілген. Алматы (51%), Оңтүстік Қазақстан (43,8%), Маңғыстау (43%), Батыс Қазақстан (39,9%) облыстарында тұрғын үйді беру қарқынының едәуір артқаны байқалады.
Биыл бағдарламаны іске асыру аясында 12,1 млн шаршы метрден кем емес тұрғын үйді пайдалануға беруді қамтамасыз ету көзделіп отыр. Бюджет қаражаты есебінен 22 мыңнан астам немесе 1,3 млн шаршы метр пәтерді пайдалануға беру жоспарланған. Бағдарламаны іске асыруға жалпы республикалық бюджеттен 2018 жылға 148,6 млрд теңге қарастырылған.
«Бәйтерек» ҰБХ АҚ төрағасы Айдар Әріпханов мәлім еткендей, 1 маусымдағы жағдай бойынша «Байтерек Девелопмент» АҚ желісі бойынша 31,9 млрд теңгеге субсидиялау келісімшарты жасалған. Барлығы ЕДБ қарауына займ сомасы 53,3 млрд теңге болатын 59 жоба келіп түскен. 57,6 мың шаршы метр салынған, оның ішінде 2017 ж. — 8,4 мың ш.м., 2018 ж. — 49,2 мың ш. м.
Облыстағы тұрғын үй құрылысының жай-күйі туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев, Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов, Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов, сонымен қатар Астана және Алматы қалаларының әкімдері Әсет Исекешев пен Бауыржан Бәйбек баяндады.
Мәселені қарау қорытындысы бойынша Үкімет мүшелері тиісті қаулы жобасын бірауыздан қолдады.
20 маусым 2018 ж. 626 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области