Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 66 МИЛЛИАРД ТЕНГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 66 МИЛЛИАРД ТЕНГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ


Аймақта инвесторлар үшін жасалған қолайлы жағдайдың арқасында ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында Қызылорда облысының негізгі капиталына 66 миллиард теңгеге жуық инвестиция тартылып, кәсіпкерлерге қызмет көрсету процесі автоматтандырылғандықтан техникалық шарттарды алу мерзімі бір айдан 3 жұмыс күнге дейін қысқарды. Одан бөлек, Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жобасы аясында қызылордалық кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының негізінде инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолдау фронт-офисінің ашылуы жоспарлануда.
Қызылордада облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, «Қазақ Инвест» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Сапарбек Тұяқбаев, «Қазақ Инвест» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Біржан Канешев пен мүдделі мемлекеттік органдары басшыларының қатысуымен өңірлік Инвесторларды тарту және Қызылорда облысының инвестициялық климатын жақсарту жөніндегі кеңес отырысы өтті.
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Елбасының Жолдауынан туындайтын міндеттердің бірі – инвестицияларды экономикаға тарту екенін атап өтіп, өңірде инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты.
«Облысымызда барлық қызметтерді бір жерден алуға мүмкіндік беретін бірыңғай Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Орталықтың жұмысы толықтай автоматтандырылған, сондықтан техникалық шарттарды ұсыну мерзімі 1 айдан 3 жұмыс күніне дейін қысқарды. Біздің тәжірибемізді басқа аймақтар да енгізуде. Аймаққа «зәкірлі» инвесторларды тарту мақсатында 2018 ж. қаңтар-мамыр айларында 11 роуд-шоу ұйымдастырылып, нәтижесінде шетелдік инвесторлармен 3 меморандумға қол қойылды», - деді аймақ басшысы.
2018 ж. 5 айында негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 15,4 пайызға өсіп, 65,9 млрд.теңгені құрады.
Одан бөлек, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мақсатында кез келген сыбайлас жемқорлық оқиғалардың алдын алу мақсатында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолдау» жобасы әзірленді.
«Қызылордалық кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының негізінде инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолдау фронт-офисінің ашылуы жоспарлануда. Жобаның мақсаты – инвесторларды сыбайлас жемқорлық көріністерінен барынша қорғау. Болашақта кез келген инвестор Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында қызмет алу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қорғау пакетін де алатын болады», - деді облыс әкімі.
Облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Абзал Мұхимов осы жоба туралы баяндама жасады. Естеріңізге сала кетейік, маусым айының басында Астанада «Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолдау» жобасы қолға алынып, отандық және шетелдік инвесторларды парақорлық тәуекелдерінен қорғау және әкімшілік кедергілерді төмендету шараларын жүзеге асыратын фронт-офис ашылды. Болашақта мұндай фронт-офистер бүкіл республика бойынша ашылатын болады.
Кеңес отырысы барысында аймақта инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың мән-жайы талқыланып, облыс әкімдігі мен «Қазақ Инвест» АҚ арасында әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойылды.
22 маусым 2018 ж. 619 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области