Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕРІНЕ ҚОЛЖЕТІМДІЛІККЕ ТЫЙЫМ САЛА АЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕРІНЕ ҚОЛЖЕТІМДІЛІККЕ ТЫЙЫМ САЛА АЛАДЫ

Электрондық үкімет порталында жеке мәліметтерді бұғаттау функциясы іске қосылды. Бұл жобаны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп енгізді.
«Жеке мәліметтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін біз азаматтар өзі туралы жеке ақпаратты толықтай бақылай алатын жоба жасадық.Басқаша айтқанда, тіпті ХҚО қызметкері де жеке мәліметтерді көре алмайды, операторлар қандай бір жеке мәліметтерге қол жеткізу үшін азаматтардың СМС рұқсатын алуы тиіс», - деді «Азаматтарға арналған үкіметтің» басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов.
Бұл жоба екі кезең бойынша жүзеге асырылуда. Бүгін электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетінде мәліметтерге қолжетімділікке тыйым салу функциясы іске қосылды. Әрбір портал қолданушысы осы функция арқылы өзінің жеке мәліметтеріне қолжетімділікті қоса алады және жауып тастай алады. Бұл орайда тыйым салу функциясын тек жеке кабинет арқылы ғана қосуға болады.
Екінші кезеңге сәйкес, биылғы жылдың соңына дейін жеке мәліметтерге қолжетімділікті жабу функциясын өшіру үшін СМС сервисі іске қосылатын болады. Яғни егер қолжетімділік бұғатталған болса, азаматтың ЖСН-ның жүйеге енгізген кезде ХҚО операторы қолжетімділікті ашу туралы СМС-хабарлама алады. Азаматтың СМС-рұқсатын алған жағдайда ғана фронт-офис жұмысшысы қандай да бір мемлекеттік қызметті көрсете алады.
Айта кету керек, бұл сервисті қолдану үшін қызмет алушы мобильді азаматтар базасына тіркелуі тиіс. Мұны электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетте немесе кез келген ХҚО-да жасауға болады.


«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметі
26 маусым 2018 ж. 510 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области