Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » НАШАҚОРЛЫҚ – ІНДЕТ, АЛДЫН АЛУ - МІНДЕТ

НАШАҚОРЛЫҚ – ІНДЕТ, АЛДЫН АЛУ - МІНДЕТ


«26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» аясында Қызылорда облысы ішкі істер департаменті Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының ұйымдастыруымен қалалық мәдени және демалыс паркінде нашақорлыққа қарсы акция өтті.
Шара барысында жыл көлемінде есірткі мәселесін көтеріп, үздік ақпараттандыру шарасын насихаттаған қызметкерлер және қоғамдық ұйым өкілдері департамент тарапынан алғыс хаттармен марапатталып, естелік сыйлықтарға ие болды.
Шара концерттік бағдарламаға ұласып, театрландырылған қойылымдар, ән мен би көрермен назарына ұсынылды.
Әнші өзінің өнерін көрсетіп, бұқара қауымды нашақорлықпен ұйымдасқан түрде күресуге шақырды.
Сонымен қатар, іс-шара барысында «Есірткісіз - болашақ!» ұранымен асфальтқа сурет салу мен спорттық жарыстар өткізілді. Іс – шараларға балалар белсенді қатысып, өздерінің нашақорлық мәселесіне байланысты теріс көзқарастарын білдіре алды.
Кешенді іс-шараға қатысушыларға үгіт-насихат өнімдері таратылды. Қызылорда ОІІД ЕБҚКБ тарапынан шығартылған полиграфиялық үгіт-насихат өнімдері (плакаттар мен үгіт парақтары) қала, аудандарға таратылып, олар халық көп шоғырланатын жерлерге ілінді.


26 маусым 2018 ж. 1 091 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области