КҮЙ ТӨГІЛГЕН КҮН
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы алты Алаштың анасы атанған Сыр өңірі секілді тарихи мекеннің рухани дамуына өзгеше серпін берді. Киелі өнерді, қасиетті орындарды қадір тұтып, қастерлеудің өзіндік жолын қалыптастырған сырбойылықтар қалтарыста қалған қазыналарды қайта жарқыратуға ден қойды. Сондай айрықша танымдық тағылыммен өрілген шараның бірі Шиелі ауданында өтті. Кеш кейіпкері талантты жерселіміз, күйші Әділбек Ташимов болды.
Күй өнерінің ақтаңгері атанған Әділбек Ташимовпен – халықаралық, республикалық күй фестивальдерінің бірнеше мәрте жеңімпазы атанған жан. Нартайдың ізбасары атанған Әділбек Ахметханұлы соңғы 10 жылдан бері Нұрғиса Тілендиев атындағы «Отырар сазы» мемлекеттік оркестрінің әртісі болып еңбек етуде. Бұған қоса, 2012 жылдан бастап республикалық «Көкіл» мектебінде дәріс беріп, шәкірт тәрбиелеумен айналысуда. Шиелі ауданы жастары бас қосқан кездесуде таалантты күйшінің өнерде жеткен жетістіктері, өмір жолы, күйшілік өнердің шығу тарихы, кейіпкердің өмірдегі ұстазы туралы келелі әңгіме өрбіді. Осылайша, жастарымыз рухани танымдық кеңістігін кеңейтті. Кездесуде өнерпаздың өнерінен, ғибарттты өмірінен сыр шертілді. Қасиетті қара домбыраның күмбірлеген үнінен рухани азық алды. Соңында жас¬тар көкейдегі сауалдарын қойып, ұлттық құндылықтарымызды құрметтуге қанықты.
Әділбек Ташимов туған жерге айқын мақсатпен келгенін айтып, Шиелі аудандық мәдениет үйі жанынан үлкен оркестр құру жоспары барын жеткізді. Айрықша танымдық тағылымымен ерекшеленген шара соңында талантты күйшіге құрмет көрсетілді.
Айта кетейік, Шиелі аудандық орталық кітапханасында өткен тартымды шараны аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ және орталық кітапхана ұжымы ұйымдастырды.