БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

«Күнделікті тірлікте «төртінші билік» саналатын журналистер қауымының тәуелсіз Қазақстанның белсенді дамуы жолында жасаған ерен еңбектерін бүгінгі кәсіби мерекелеріңізде ерекше бағалап, құрметпен атап өтеміз. Бүгінгі мереке - тек Сіздердің еңбектеріңізге сый-құрмет көрсетілетін, ұшқыр қиялдарыңыздың жемісін ұлықтайтын күн.
Сіздердің ақпаратты жан-жақты жеткізгендіктеріңіздің арқасында аймақ, тіпті республика жұртшылығы департамент жұмысынан хабардар. Алдағы уақытта да Өздеріңізбен бірге жүйелі жұмыстар жасаймыз деген сенімдемін», - деді полковник Еркінбек Байболов.
Шара барысында республикалық және жергілікті БАҚ өкілдері облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің арнаулы алғыс хаттары және, сыйлықтармен марапатталды.
Айта кету керек, Қызылорда облысының аумағында 90-нан астам БАҚ тіркелсе, республикалық БАҚ өкілдерінің 10-нан астам журналистік қосыны жұмыс жасайды. Осы ретте, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті аталмыш БАҚ өкілдерімен тұрақты әріптестік байланыс орнатқан.