Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖҮРЕГІМ ЖЫР ҚҰЙДЫ ТАҢДАЙЫМА

ЖҮРЕГІМ ЖЫР ҚҰЙДЫ ТАҢДАЙЫМА

Облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы және Жалағаш аудандық мәдениет және өнерді дамыту орталығының ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Астана қаласының 20 жылдығы және Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай Социалистік Еңбек Ері, білікті ұстаз, ақын, Қазақстан Журналистер одағыныңмүшесі Ұзақ Еспановтың 90 жылдығына арналған «Жүрегім жыр құйды таңдайыма» атты облыстық жас жазба ақындар мүшайрасы өткізілді.
Жыр мүшайрада Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Тажмаханов Жағыпар Айтбайұлы және Еңбек ері, ақын Ұ.Еспановтың інісі Мырзабеков Болат Шайымұлылар сөз сөйлеп, тау тұлға жайлы естеліктері мен еңбек жолына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жыр мүшайраға Қызылорда қаласы мен барлық аудандардан 14-25 жас аралығындағы 18 жазба ақын қатысып, бақтарын сынады.
Байқаудың ережесіне сəйкес ақындарымыз алғашқы «Арнау өлең» кезеңінде тау тұлға Ұ.Еспановқа арнаған жыр шумақтарын оқыса, «Себерміз кең далаға өлең дәнін» кезеңінде ақындар Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын, Астана қаласының 20 жылдығы мен Қызылорда қаласының 200 жылдығын өлең-жырларына арқау етіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Социалистік Еңбек Ері, білікті ұстаз, ақын, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Ұзақ Еспановтың есімін ардақтап, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеп, өз елінің тарихын білуге, ардақтыларын құрметтеуге және өнегелі істерін, қайраткерлік жолын, асыл мұрасын дәріптеу, жастардың шығармашылығын шыңдап, халықтың рухани, мәдени мұраларын келешек ұрпаққа жеткізу және оны елдің санасына сіңдіру мақсатын місе тұтқан игілікті шараға Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, «Сыр бойы» газетінің аға тілшісі Ғазиза Әбілда, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының бөлім меңгерушісі Гүлжан Байзақова мен ақын, сазгер, ұстаз, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Айкүміс Орынбаевалар қазылық жасады.
Байқауға Ұзақ атамыздың балалары демеушілік жасады.
Қазылар алқасының шешімімен шараның бас жүлдесін Жалағаш ауданы М.Шәменов ауылынан қатысқан Гүлнар Мырзалиева (50 мың) жеңіп алды. Жүлделі І орынды Жаңақорған ауданының жас ақыны Бижанов Нажан (40 мың), ІІ орынды Қызылорда қаласынан қатысқан жас ақын Әли Асқар (30 мың) иеленді. Ал, ІІІ орындарды Қазалы ауданы мен Қызылорда қаласынан келген жас ақындарымыз Төлеш Нұрболат пен Әлішер Бақытжандар (20 мың) қанжығасына байлады.
Шараға қатысқан барлық жас ақындарға ынталандыру сыйлықтары (5 мың) табыс етіліп, арнайы «Алғыстармен» марапатталды.

03 шілде 2018 ж. 854 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области