Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ТҮРКІ ӘЛЕМІН ТӘНТІ ЕТКЕН ОРКЕСТР

ТҮРКІ ӘЛЕМІН ТӘНТІ ЕТКЕН ОРКЕСТР

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Халқымыздың ұлттық салт – дәстүрлері мен тіліміз, музыкамыз бен жоралғыларымыз бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуы тиіс» - деген болатын.
Осы орайда біз ұлттық музыкамыз бен төл өнерімізді тынбай насихаттап жүрген облыстық филормония жанындағы Тұрмағанбет халық аспаптар оркестрі жайлы айтпақпыз.
Аталған оркестр жуырда ғана гастролдік сапардан оралды. Маусым айының 1-10 аралығында Түркияның Ташкёпрю (Кастамону провинциясы) Болу және Анкара сынды үш бірдей қаласында ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының 25 жылдық мерейтойы аясында түркі халықтарының өнер фестивалі өткені мәлім. Айтулы өнер мерекесі аясында қызылордалық Тұрмағамбет оркестрі ұжымы Ташкёпрю, Болу және Анакара қалаларында өнер көрсетті.
Түркі мәдениеті мен өнерінің ортақ ұйымы ТҮРКСОЙ міне, ширек ғасырдан бері туыстас халықтарды мәдени тұрғыдан жақындастыру жолында қызмет етіп келеді. Беделді ұйым түркі халықтары мәдениетінің барлық саласында ортақ жобаларды іске асыруда.
Түркиядағы айтулы өнер фестивалі 10 күнге созылды. Фестивальге қатуысушы өнер ұжымдары алдымен Кастамону провинциясындағы Ташкепрю қаласы тұрғындарына керемет өнер кешін тарту етті. Бұл Түркия аспанында түркі тілдес халықтардың музыкасы қалықтаған күн болды.
ТҮРКСОЙ ұйымының құрылғанына 25 жыл толуына және «Кастамону – түркі әлемінің мәдени астанасы-2018» бағдарламасы шеңберінде Ташкепрю қаласында өткен концертте Қазақстандық өнерпаздармен бірге бауырлас Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан мемлекеттерінің музыканттары өнер көрсетті. Айта кетерлігі, Қазақстандықдардың концерттік бағдарламасын Тұрмағанбет халық аспаптар оркестрі (Қызылорда) сүйемелдеп отырды.
Концерттік бағдарлама ескі қаланың орталық алаңында өткендіктен тыңдаушыларда шек болмады. Өнер кешін тамашалаған жергілікті тұрғындар риясыз қошеметін білдіріп жатты. Ал қадірлі қонақтар қатарында Кастамону провинциясының губернаторы Яшар Карадениз, ТЮРСОЙ ұйымыны бас секретарының орынбасары профессор Фырат Пурташ, Түркия Парламентінің депутаты Хусейн Кёйлю, Кастамону шаһарының мэрі Тахсин Бабаш, Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі Ержан Әбдірахманов және Ташкёпрю шаһары муниципалитетінің басшысы Хусейн Арслан, сондай-ақ, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдері болды.
ТЮРСОЙ ұйымыны бас секретарының орынбасары Фырат Пурташ Ташкёпрю шаһарының барлық тұрғындары мен фестиваль қонақтарын Рамазан айыны мен түркі тілдес бауырлас халықтардың өнер мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. «Қазақтың күйі мен қырғыздың жыры, әзірбайжанның мақамы мен өзбектің күйі, түрік халықының әндері төрткүл әлемдегі түркі тілдес халықтарды мәдениеті тұрғыдан жақындата түседі», - деді.
Шарананың маңыздылығына тоқталған провинциясы губернаторы Яшар Карадениз: «Кастамону – түркі әлемінің мәдени астанасы-2018» бағдарламасының түпкі мақсаты – түркі халықтарының мәдениетін жақындастыру, мәдени интеграцияны нығайту. Мұндай фестивальдер туыста елдердің мәдени саладағы ынтымақтастығының жоғары деңгейге көтереді», - деп ағынан жарылды.
Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі Ержан Әбдірахманов өз кезегінде Кастамону мен Ташкёпрю шаһары тұрғындарына барша қазақстандықтар атынан алғысын білдіріп, түркі әлемі халықтарының достығы мәңгілік екендігін жеткізді.
Қызылордалық Тұрмағамбет халық аспаптары оркестрі сахнаға дирежерлер Кеулімжай Ботабаев пен Мүсілім Әмзенің жетекшілігімен шықты.
Түркі халықтарының әндері орындалған концертте қазақ халқының әндері, Әлшекей, Құрманғазы, Қорқыттың күйлері және әлемдік, қазақстандық композиторлардың шығармалары орындалды.
Сонымен қатар, оркестрмен бірге Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан және Түркия мемлекеттерінің өнерпаздары да өнер көрсетті.
Қазақтың қай өңірі де өнерпаздарға кенде емес. Соның ішінде Алты Алаштың анасы атанған Сыр өлкесі өнер мен шы¬ғармашылық ортаға бай иелері жетерлік.
Осындай ұлттық өнерімізді ұлықтайтын өнерпаздар барда бабадан жеткен асыл құндылықтарымыз өз маңызын жоймақ емес. Солардың бірі – Қызылорда олыстық филормониясы ұжымы жанындағы Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрі.
Аталған өнер ұжымы халық мұрасын кеңінен насихаттау мақсатында осыдан 11 жыл бұрын, 2007 жылы құрылды. Сыр сүлейі, атақты шайыр Тұрмағамбет Ізтілеуұлының 125 жылдық мерейтойы қарсаңында ірге көтерген оркестрге даңқты шайырдың аты берілді.
Содан бергі 11 жыл ішінде рухани құндылықтарымызды дәріптеу, ұлттық өнерді одан әрі өрістету жолында шығармашылық жұмыс жасап келеді. Оркестрдің негізгі құрамын Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы мен Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжін бітірген кәсіби білікті, музыка мамандары мен талантты өнер иелері құрайды.
Бүгінгі таңда репертуарында халық және Қазақстан композиторларының шығармалары, ән-күйлері, классикалық және Батыс Еуропа композиторларының, барлығы 300-ге жуық шығармалары бар. Сонымен қатар, Сыр елінің атақты күйші-композиторлары Қазанғап, Шал Мырза, Бекпембет, Әлшекей, Жалдыбай, Құрақтың Досжаны, Қаражанның Төлегенінің күйлері және жергілікті күйші-сазгерлер Исламбек Ысқақов, Мұрат Сыдықов, Альберт Алмағамбетов, Төлепберген Тоқжановтың ән-күйлері мен шығармалары енгізілген.
Өнер ұжымы өзіндік ерекшелігімен, кәсіби орындаушылық шеберлігімен облыстың мәдени өміріне белсене араласады. Соның нәтижесінде тыңдарман қауымның ыстық ықыласына бөленіп жүр. Мәселен, 2008 жылы Астана, Алматы қалаларында, 2009 жылы Елорда төрінде өткен Қызылорда облысының мәдениеті мен өнер күндері аясындағы «Сыр – Алаштың анасы» атты бағдарламаның ашылу, жабылу салтанаттарында өнер көрсеткен бұл ұжым Сарыарқа жұртшылығының зор ықыласына бөленген еді.
Сондай-ақ, 2009 жылы облыс әкімінің қолдауымен Қызылорда қаласының 190 жылдығына арналған «Сырдария саздары» атты халықтық ұлт-аспаптары оркестрлері мен ансамбльдердің облыстық фестиваліне қатысып, оркестр дипломмен марапатталды. 2010 жылы Ақтөбе қаласында өткен халықаралық «Жұбанов көктемі – 2010» халық аспаптары оркестрлері және ансамбльдер фестивалінде жүлделі ІІІ орынды иеленген.
Оркестр мүшелері халық аспаптарында шебер ойнап, әсем әуезімен халықты ә дегеннен баурап әкетеді. Қазақтың халық әндерінде терең мағына бар екені анық. Сондықтан болар құлақ құрышы қанғанша тыңдап, ерекше әсер алуға болады.
Жоғарыда атап өткеніміздей, аталған өнер ұжымы Түркия мемлекетінде түркі мәдениеті мен өнерінің ортақ ұйымы – халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының құрылғанына 25 жыл толуына орай түркі тілдес халықтарының өнер фестиваліне қатысып, қазақ өнерін түркі әлеміне паш етті. Он күндік сапар барысында Түркия мемлекетінің 3 қаласында болып, ән мен күйден шашу шашып, түбі бір түркі жұртына рухани азық сыйлады.
Өзге елдің өнер сүйер қауымдары біздің ұлттық аспаптарымыздың əуезді үнін естігенде ерекше таңданыспен тыңдайтыны анық. Олардың ішінде қазақтың ұлттық аспабы – домбыра да бар. Домбы¬раның өкініш пен мұңды, қуаныш пен сағынышты баяндайтын ерекше үні бар. Әсерлі үнді естір құлаққа жеткізе білу – өнер иелері үшін үлкен бақыт.
Өңіріміздің дарынды өнерпаздары әркез жергілікті халықтың көңілін баурап, жан сарайын жадыратып жүр. Ұлттық музыканы ұлықтауды мұрат еткен Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрі Сыр елінің мақтанышы.

Р.АРЫСТАНБАЙ,
Қызылорда қаласы





03 шілде 2018 ж. 646 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области